Kyzylorda-news.kz. Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітап бізді өзгертеді» жобасын өткізді. 

Жоба аясында «Кітап құрттары» ерікті жастар ұйымымен бірлесіп рухани құндылықтарды насихаттап, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітап оқуды ілгерілету мақсатында облыс орталығындағы орталық көше Арбаттың бойында «Жастар – Start» атты буккроссинг ұйымдастырылды. 

«Буккроссинг» қозғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы. Кез-келген адам оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі. 

Іс-шара барысында кітап сүйер оқырмандар кез келген ұсынылған кітапты оқып, оны жеке пайдаланудағы басқа кітапқа айырбастауға мүмкіндік алды. Буккроссингте оқырмандарға әр түрлі әдеби жанрдағы көркем кітаптар ұсынылды.

Сонымен қатар облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен 2022 жыл - Балалар жылына орай түрлі іс-шараларды өткізіп келеді. 

Балаларды кітап оқуға қызықтыру мақсатында ұйымдастырылған шара апта басында өтті. Оқушылардың сәндік қолданбалы шығарма бұйымдарына деген қызығушылылығын ояту, қолөнер дағдыларын үйрету мақсатында фетрден кітап жасау бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Шараға Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ-мектеп-лицейінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Рисманбетова Гүлмира Сағындыққызы 8-сынып оқушылары қатысты.

Шара барысында балаларға фетрден кітап жасаудың тәсілдері, қажетті құрал-жабдықты дұрыс пайдалану және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы мәлімет берілді. Шара соңында қатысушылар «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты ертегісі бойынша кітап жасап шығарды.

316408132_3434738696848734_4958276450278656495_n.jpg
316411916_3435508763438394_5657231630244358523_n.jpg

Тағы да оқыңыз: