Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласының руханиятының дамуы кітапхана ісімен тікелей байланысты. Бүгінде облыс орталғында қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жұмыс істейді. Ал оған қарасты кітапханалар қалаға қарасты ауыл, кент аумақтарында орналасқан. Соның бірі – қаладағы А.С.Пушкин атындағы орталық  кітапханасы. 

Аталған руханият ордасының оқырмандары – қала тұрғындары мен мектеп оқушылары. Оқырманмен тығыз байланыс орната білген кітапхана ұжымы түрлі танымдық іс-шаралар өткізуде белсенділігімен алда келеді.

       – Кітапхана басты руханият ордасы болғандықтан оқырмандармен тарихи, танымдық, тәрбиелік маңызы бар шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Өткен жылыда бұл бағытта біршама істер атқарылды. Мәселен, Тәуелсіз еліміздің тарихы мен тағылымынан сыр шертетін әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Тарих ғасырлар куәсі» атты кең көлемді  кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Шараға «Абылайхан» атындағы жоғары колледж  және Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледж студенттері қатысты. Шолу барысында кітапханашы   Төлендиева Данагүл  ұлт тарихына тереңінен үңіліп, ата-бабаларымыздың  жүріп өткен соқпақ жолдарына, қазақ халқының тарихындағы ең маңызды оқиғаларға, ата-бабаларымыздың қасық қаны қалғанша жеріміз үшін жасаған  ерліктеріне ерекше тоқталып өтті. Сыр өңірінің талай ардақты, өнегелі өмірі мен сырлы шежіресі аңызға айналған  ел аналарының ерен еңбегі мен жарқын істері бүгінгі ұрпаққа үлгі өнеге. Солардың бірі – бар бақытын еңбектен тапқан  Сыр елінде айрықша құрметке бөленген  Батыр Ана, Еңбек ері Ұлбала Алтайбаева. Осы орайда, «Парасат жолы» жобасы аясында Батыр ана, Еңбек ері Ұлбала Алтайбаеваның 100 жылдық мерей тойына орай, «Еңбектен бақыт тапқан Батыр Ана» атты бейнебаянды кітапхана оқырмандарына және желі пайдаланушылар назарына ұсынады. Бейнебаянда Ұлбала Алтайбаеваның өмірі мен ерен еңбегі, жарқын істері бейнеленді. Сондай-ақ, еңбек майданының  алдыңғы шебінде  жүріп, соның нәтижесінде қол жеткізген жетістіктері мен осы табыстары үшін алған ордендерімен, бірнеше медальдары жайлы да баяндалып ақпарат берілді. Осындай іс-шаралар кітапханада жиі ұйымдастырылады, – дейді аға кітапханашы Қарлығаш Сражадинова.                                   Кітапхана  қорына  жаңа түскен  кітаптармен оқырман қауымды таныстырып, кітап оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді өткізуде мұндағы мамандардың міндетіне кіреді. Бұл ретте қаладағы білім ошақтарымен байланыса отырып, бірлескен шаралар өткізеді. Мәселен, былтыр Абылайхан атындағы  №140 орта мектептің жоғары сынып оқушыларының  қатысуымен  жазушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты Асқар Алтайдың  екі томдық таңдамалы шығармасына  кітап беташары өткізілді.  Кітап беташарында жазушының «Сарыптау серісі», «Дегелеңдегі қызыл күн», «Казино», «Кентавр» әңгімелерін оқыған Базарханқызы Динара, Жиенқұлова Рухая, Бағдатқызы Жадыра өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты және де оқырмандар «Туажат» романынындағы басты кейіпкер Байбурадай  қазақ сарбазының жанкешті ғұмыры жайлы айтып берді. Өз елінде, туған жерінде жатқа айналған азаматтың тағдыры арқылы автор бүгінгі өмірде пайда болған «туажат» философиясының астарына ерекше тоқталып, айтып  өтті. Жазушының жүйрік қаламынан жорғалай құйылған әсерлі, тың туындылар оқырман көңілінен шығып, шара өте тартымды, әсерлі өтті. Бұл өз кезегінде оқушылардың танымын кеңейтіп, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырады. Рухани тәрбиесі де мол. Сондай-ақ, екі ғасырдың куәгері, ауыл шаруашылығының әйгілі  майталманы, Еңбек ері, дарынды қаламгер, Журналистер Одағының мүшесі, ақын Ұзақ Еспановтың 95 жылдық мерейтойына орай «Кісілік келбетіне дақ түспеген» атты жазушының көрмесі ұйымдастырылды. Ақынның жыр жинақтары енген «Көңілім көктем», «Шуақты күн» және т.б шығармалары, ақын туралы естелік әдебиеттеріне шолу жасалды. Бұл да оқушылардың сырдан шыққан еңбек адамдарын тануына, тарихты білуіне үлкен септігін тигізеді. Дәл осындай бағытта «Бір ел – бір кітап » республикалық акциясы аясында 2023 жылғы Жыл таңдауына қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдіктің шығармалары оқуға ұсынылды. Соған сәйкес "Зерделі талант, білімді қаламгер" атты кең көлемді кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтіп, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып, таныстырылды. Төле би шешеннің 360 жылдығына байланысты «Туралықты тұғыр еткен Төле би»  атты тағлым сағаты өтті.  Шараға Абылайхан атындағы  №140 орта мектептің 8 сынып оқушылары  және  тарих пәнінің мұғалімі  Жанар Сейдуалиевна қатысып, Төле бидің өмірі мен атқарған қызметтеріне байланысты үлкен мағлұматтар алды. Шара барысында кітапхана оқырмандары Махмут Жансезім, Төлеген Толқын, Нағамадулла Ақжайна белсене қатысып, Төле бидің өлеңдерін, шешендік сөздерін жарыса айтты.

    – «Парасат жолы» жобасы  аясында «Көшбасшы жолы-жастарға өнеге» атты Халық алғысы медалінің иегері, Ғ.Мұратбаев атындағы республикалық жастар сыйлығының иегері, Облыстық «Жастар  ресурстық орталығының» директоры Тілес Талғат  Оспанұлымен жастардың  қатысуымен  «Кітапханалық Non Stop»  өтті. Шара барысында, кештің себепшісі Талғат Оспанұлы еңбек жолындағы айшықты іздерімен өскелең  ұрпаққа бөлісті.             «Парасат жолы» жобасы аясында,  жемқорлықсыз қоғам  құру, жастарымыздың ой-санасын пара беру, сыбайластық арқылы мақсат-мұратқа  жету секілді жат қылықтан арылту мақсатында "Жемқорлық -ғасыр дерті" атты  таным сағаты  өткізілді. Шара барысында «Жемқорлық ғасыр дерті» атты кітап көрмесімен танысып, тарих пәнінің мұғалімі  Жаңабергенова  Жанар  «Сыбайлас жемқорлық» - ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып табылатынын және де жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның  дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет екеніне   ерекше тоқталып өтті. Шараға 18 оқырман қатысты. Бұдан бөлек, 2023 жылдың  24 ақпан  күні кітап қорына  жаңадан келген әдебиеттерді насихаттау мақсатында  «Жаңа кітап – жан азығы»  атты жаңа әдебиеттерден «Дебют-көрме» ұйымдастырылып оқырмандар назарына кеңінен насихатталды. Оқырмандар кітап сөресінен  Б.Бисұлтановтің «Тұншыққан шындық»,  Ы.Бекеннің «ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» , «Айша бибі»,  Н.Құмардың «Көк байрақтай-көк жейде», Б.Болатханованың  жасөспірімдер мен балаларға арналған хикаяттары  мен әңгімелері, ертегілері, К.Әлпейісованың «Қайтсек ұрпақ өседі өрелі боп...» атты  және т.б. әдебиеттермен танысып, өздеріне қажетті ақпараттар алды. Абылайхан атындағы №140 орта мектептің оқушыларының  қатысуымен, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, зерттеуші  Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығына арналған «Мұзарт таудай биік тұлға» атты әдеби  лото ұйымдастырды. Әдеби лото Мұзафар Әлімбаевтың балаларға арналған шығармалары аясында болғандықтан, арнайы ұйымдастырылған  кітап көрмесіндегі  «Екі томдық шығармалар жинағы», «Көңіл күнделігінен», «Ана тіліне тағзым», «Көзін көрдік жақсы менен жайсаңның», «Нақылнама» атты сөз сүлейлерінің бірі  Әлімбаевтың  мағынаға толы, ұшан-теңіз нақыл-сөздер кітаптары таныстырылып, ерекше сұранысқа ие болды. Әдеби лото өте тартымды, көңілді, қызықты өтті. Шара нәтижесінде белсенді оқырмандарға  кітапхана ұжымының атынан сый-құрмет көрсетілді, – дейді өткен жылы атқарылған жұмыстармен бөліскен аға кітапханашы.  

         Кітапхана ұжымы барлық мерекелік күндерді елеусіз қалдырмайды. Әрбір мерекелік шара оқырмандардың белсене қатысуымен өткізіледі. Атап айтсақ,    1-Наурыз Алғыс айту күніне орай Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, облыстық Қазақстан халқы  Ассамблеясының  өкілдерінің  қатысуымен  «Ізгіліктің бір ізі – алғыс айту» атты  мерекелік   кездесу кешін өткізді. Мерекелік  кешке арнайы «Қазақстан-достық мекені» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, қала қонақтары мен тұрғындарына таныстырылды. Шара барысында кітап  көрмесімен танысқан қала тұрғындары бүгінгі  көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығы  жайлы өздерінің  келелі ой- пікірлерін   жеткізіп, алғысын білдірген.    Сонымен қатар С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледж студенттерінің қатысуымен, тарихи  тұлға, дауылпаз ақын  Махамбет Өтемісұлының 220 жылдық мерейтойына арналған  «Ереулі  атқа ер салмай» атты жыр кешін өткізді. Шара барысында лед экраннан  «Әулет» атты Махамбет Өтемісұлының өмірі мен балалық шағына арналған бейнебаян тамашаланған. Жыр кешін кітапхананың белсенді Махамбет   Өтемісұлының  өмірі мен ерлік жолдарына арналған «Махамбет мұрасы – елдіктің өшпес рухы» атты кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, М.Өтемісұлының  өлеңдерін оқып, күйлерін өз нақышымен орындаған.                                                                                                                

Сол сияқты 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай  «Аналар – әлем шуағы» атты кітапхана жанында құрылған   «Сырласу» қыз-келіншектер клубының мүшелерімен сұхбат өткізілген. Сыр сұхбатқа кітапхананың белсенді оқырмандары қатысқан. Шара барысында әр отбасының алтын діңгегі, ардақты жандарға кітапхана ұжымының атынан сый құрмет көрсетіліп, «Абылай хан» атындағы жоғары колледж студенттерінің қатысуымен  «Анаға сый» деген көрініс көрсетілген. Сондай-ақ  14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі  аясында, «Амал келді, жыл келді» атты амал мерекесі өткізілген. Шарада оқырмандар назарына  «Уыз дәмі уылжыған әз Наурыз!» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Кенжебаева Мақпал библиографиялық шолу жасаған. Шара барысында кітапхана оқырманы Серікұлы Данияр домбырамен күй тартады. Осылайша, кітапхана оқөырмандары шараның өз деңгейінде өтуіне үлкен үлес қосуда. 

Жалпы наурыз мерекесі қарсаңында кітапханаға жақын орналасқан оқу орындарының оқушылары мен кітапхана оқырмандарына «Нұрландырған елімді – нұрлы Наурыз»  атты көрме-вернисажы ұйымдастырылған. Ұлыстың ұлы күніне арналған кітап көрмесімен кітапханашы Молдасанова Гүлзия таныстырып, Наурыз мерекесінің  шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі алатын орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы кеңінен насихаттады. Көрме соңында 12 кітап оқырмандарға берілді.

Кітапхана ұжымы ерекше атап өткен тағы бір айтулы күн – 27 наурыз театр күніне арналды. Бұл мерекеге орай «Әдемі қиял әлемі» атты өнер сағаты өтті. Шараға арнайы «Сахна әлемі » атты  кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымға кеңінен насихатталды Оқырмандар көрмеден Бақыт Нұрпейістің «Қазақ театр режиссурасының қалыптасуы мен даму кезеңдері 1915-20005», Қазақстанның театр және кино өнерінің әйгілі режиссері, «Халық қаһарманы», КСРО-ның Халық әртісі, Әзірбайжан Мәмбетовтің «Менің өмірім-театр» атты 3-тілде шыққан кітабы, театр әлемінің ең беделді сарапшысы атаған, театр, драматургия туралы 20-ға жуық кітап, мыңға тарта мақала жазған Әшірбек Сығайдың «Сахнаға сапар», «Сахна әлемі»,  «Таңғажайып театр», театр және әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанованың «Сахна сәулесі» атты театр туралы мақалалар, эсселер, портреттер кітабымен, сонымен қатар театр және кино актерлері жайлы, өнер қайраткерлерінің  өмір жолдары  мен өнердегі шығармашылықтары жайлы  тың ақпараттармен танысты.                                                        

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІV отырысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы кітап оқу мәселесінің маңыздылығын атап өткен болатын. Осы орайда, 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні қарсаңында «Балалар бұрышының» оқырмандарына арналған әдеби кітаптар сонымен қатар роман, хикаялар тағы басқа да жанрдағы әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Оқылмаған кітаптар әлемі» тақырыбында  әр түрлі жанрдағы және әр түрлі жылдардағы кітаптар: жаңа, ескі, әділетсіз ұмытылған, классикаға айналған кітаптарды оқытуға бағытталған библиогид шарасы өткізілді. Бұдан бөлек журналист, жазушы Сақтапберген Әлжіковтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Сара сөздің семсері» атты әдеби кеш өткізілді. Сыр халқының ыстық ықыласына бөленген Сақтапберген Әлжіковтің   өнегелі өмір жолдарын өскелең  ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға деген құлшынысын арттыру  мақсатындағы  шараны ҚМУ студенті,  кітапхана оқырманы Санақұл Бексұлтан  С.Әлжіковке  «Арнау» өлеңімен ашты.Қаламгердің  адалдық, адамгершілік, намысшылдық, ержүректік, еңбекқорлық қасиеттердің қоғам дамуы мен адамдар қажеттілігінің нағыз құндылықтары екендігін көркем тілмен бейнелеген очерктері бойынша қойылған қойылымда  оқырманға  ой салатындай шынайы көрсетілді. Кешті Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы қорытындылайды. Ал 18 сәуір – Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне орай дала академигі, ауыл шаруашылығының жаңашылы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Ыбырай Жақаевтың өмірі мен ерелі еңбегін бүгінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында, қаламыздағы Ыбырай Жақаев бюстінің алдында «Ақ күріштің атасы - Ыбырай» атты тарихи-танымдық  кеш өткізді. Кешке Жамбыл атындағы №120 орта мектептің және Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицей мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Шара барысында  кітапхана оқырмандары  «Ақ күріштің Атасы», «Жылайды жүрек», «Қош, Ыбеке», Серік Сейтмағамбетовтың «Жақаевшылар маршы», Манап Көкеновтың «Ыбырай Жақаевқа»,  т.б. өлеңдерін жатқа оқыған. К

Оқырмандарды кітап оқуға деген құштарлығын анықтау мақсатында «23-сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқықты қорғау күні» аясында «Қандай кітап оқып жүрсіз?» атты оқырмандар арасында сауалнама өткен. Сауалнама бойынша жастардың кітап оқу мәселесі төңірегіндегі актуалды сұрақтарды талқыға салынды.  Атап айтсақ, кітапты насихаттау, жастарды оқуға тарту тақырыптары қозғалды. Сонымен қатар, оқырмандар екі топқа бөлініп «Сүйікті кітабым, сүйікті кейіпкерім» атты тақырыпта «Әлем әдебиеті» сериясы бойынша, өздерінің оқыған кітаптары туралы пікір алмасып, жазушылар портреттері бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беріп, шараға белсенді қатысты.. Шара соңында  оқырмандарға кітапхана мекен жайы мен әлеуметтік желідегі сілтемелер жазылған   жарнамалық парақшалар таратылды. «Абылайхан» атындағы жоғары колледж студенттерінің қатысуымен «Мамандығым-мақтанышым» атты дәрігермен кездесу кеші өтті. Кештің қонағы бірінші дәрежелі дәрігер  Сыдыкова Алтынкул Алибекқызы, кеш көрермендеріне медицина саласын, оның ішінде адамға алғашқы көмек көрсетіп, емдеуді  бала кезінен ұнатып, қызыққанын және де алдына қойған мақсатын жүзеге асырып, үлкен дәрежеге жетіп, өз мамандығының иесі екенін зор мақтанышпен айтып өтті. Сонымен бірге  өскелең ұрпақты  салауатты өмір салтын ұстануға, дәріс алып жатқан мамандығын жақсы көріп, алдағы уақытта алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, еліміздің білімді, өнегелі азаматы болуға шақырды. Әсерлі өткен кешке 32 оқырман қатыстырылған.                      

    Сонымен бірге аға кітапханашы Қарлығаш Сражадинова 1-мамыр Қазақстан  халықтарының   бірлігі  күні мерекесіне  орай, Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледж студенттері мен өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен  «Ұлт бірлігі-ұлы байлық» атты мерекелік калейдоскоп өткізілгенін айтады. Бұл ретте «Қазақстан-достық мекені» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылып, жастарымызға бүгінгі көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығы  жайлы, ынтымақтастығы жайлы айтып, кітап көрмесі таныстырылды. Кітапханамыздың белсенді оқырмандары Александр Бойко, Ольга Хан, Олег Волошин мерекелік шараға арнаған өздерінің жүрек жарды өлең шумақтарын оқып берді. Мерекелік калейдоскоп әсем әнге жалғасты. Лед экраннан 1-мамыр  Қазақстан халықтарының бірлігі  күні мерекесіне арналған деректі фильм көрсетілген. Мамыр мерекесі қарсаңында «Туған жерге Туын тіккендер» жобасы аясында  9 мамыр – Жеңіс күніне  орай «Бабалар ерлігі-ұрпаққа ұран»   атты  патриоттық  кеш ұйымдастырды. Кешке арнайы «Ұлы Жеңіске-мәңгілік тағзым!» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылып, шолу жасалды. Кеш барысында кітапхананың белсенді оқырмандары, Н.Қаржаубайқызы,  Е.Тұрмахан,  А.Сырман,  Д.Жақсылыққызы,  А.Жақыпқызы  сұрапыл  соғыста елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын жатқа айтып, өздерінің авторлық жүрекжарды туындыларымен көрерменнің ризашылығына бөленген.

    Маңызды іс шараларды атқаруда кітапхана ұжымы өзге де әлеуметтік сала мамандарымен бірлесе жұмыс істейді. Соның бірі ретінде жастар ресурстық орталығы мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің жастарының қатысуымен «15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне» орай «Отбасы – ұлт тірегі» атты облыстық жас отбасылар форумын айтуға болады. Осы шараға арнайы «Ұлағатты отбасы - ұлт   құндылығы» атты кең көлемді көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман қауымға кеңінен насихатталды. Кітап көрмесіндегі  саналы өнегелі тәрбие беруге үлес қосатын отбасы туралы, қазіргі қазақ қоғамының жүрегінен ерекше орын алатын ата-анасынан айырылған балалардың аянышты тағдыры жайлы, балалар үйіндегі ұл-қыздардың қиын тағдырларын қарапайым түсінікті тілмен суреттейтін әдебиеттер : Қ.Ергөбектің «Адамның бір қызығы бала деген....», Ф.Бизақова, Ш.Мамашбаева «Отбасылық дағдарыс психологиясы», А.Баймұхаметов «Көше балалары», Е.Ертайұлының «Баланы тәрбиелеме өзіңді тәрбиеле», «Баланы жазасыз тәрбиеле» сынды кітаптары оқырманның ерекше сұранысына ие болды.

Кітапхананың белсенді оқырмандыр саналатын Абылайхан атындағы №140 орта мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен, екінші дүние жүзілік соғыстың батыры, аты аңызға айналған партизан, көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі партизан тақырыбының негізін қалаушы Қасым Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған   «Қаруын қаламмен ұштастырған» атты ерлік сабағын өткізілді. Шара барысында Ұлы Отан соғысындағы қиын-қыстау кезеңдер мен қарапайым жауынгерлердің ерлігін шынайы баяндайтын көптеген шығармалары туралы мәліметтер берілді. Кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар  батырдың басынан өткен оқиғалары жайлы жазылған әңгімелерді және де өлім мен өмір арасында арпалысқан кезеңдеріндегі хикаяттарын әңгімелеп, өз ойларымен бөлісті. Бұдан бөлек атақты әнші, актер әрі музыкант  Әміре Қашаубаевтың  туғанына 135 жыл толуына орай  М.Қалауов атындағы өнер  мектебінің оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен  «Париж аспанын әнге бөлеген – Әміре » атты музыкалық қонақжай өтті. Шара барысында әншінің өмірі мен өнеріне арналған әдебиеттер мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар таныстырылып, Голливудте үздік деп танылған «Әміре» фильмі  туралы қызықты  ақпараттар таныстырылды. Франция астанасында өткен дүниежүзі көрмесінде Әміре Қашаубаев "Ағаш аяқ", "Қанапия", "Үш дос", "Жалғыз арша", "Қосбалапан", "Балқадиша" әндердін орындап, күміс медальге ие болған болатын. Шара барысында концертмейстер Ли Нона Васильевнаның сүйемелдеуімен Абайқызы Қасиеттің орындауындағы   «Балқадиша» әні көрермен қауымның зор ықыласына бөленді. Ал 31 мамыр саяси қуғын-сүргін   құрбандарын  еске  алу   күніне  орай «Сарғайса да тарихтың ақ парағы» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге библиографиялық  шолу жасалды. Шолу барысында оқырмандарға  солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы, Астана қаласындағы «Алжир» саяси қуғын сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды мұражай кешені жайлы айтылды. Кітапхана оқырмандары кітап көрмесімен танысып, қазақ елінде жазықсыз жапа шеккен ел зиялылары мен арыстары туралы, өмірі мен ерлігі туралы баяндалған «Алаштың ардағы», «Алаш арысы», «ХХІ ғасырдағы алаштың ақ жолы»,  Б.Қойшыбаев «Жазықсыз жапа шеккендер», Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы «Алаш қозғалысы» және  т.б   қазақ елінің зиялы қауымы жайындағы көптеген әдебиеттермен танысып, пайдалы  мәліметтер алған.  

 «Жазғы кітапхана» жобасы аясында 1-маусым Балаларды қорғау күніне орай «Бүкіл әлем –балалардың бақыты үшін!» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Іс шараға Қызылорда облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі мен Қоғамдық келісім КММ әлеуметтік  бастамалар және жобалар  бөлімінің қызметкерлері бірлесіп,  кітапханамыздың кішкентай бүлдіршіндеріне мерекелік көңіл күй сыйлады. «Жазғы кітапхана» жобасы аясында балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Жас шахматшылар» клубының мүшелерімен «Шахмат әлемін меңгерген» атты турнир өтті.Шахмат ойыны баланың ойлау, байқампаздық, зейіндік қабілеттерін дамытатынын білеміз. Осы орайда ұйымдастырылған ойында, клуб мүшелері 2- топқа бөлініп жеңіске жетуге талпынып, барлық ерік-жігерлерін арттырып ойынға қатысты. Жарыс қортындысы бойынша 10 мүмкіндіктен 9 ұпай жинаған «Жігерлі»командасы жеңіске жетті. Шахмат ойыны өте қызықты, тартымды өтті. Мағжан шығармашылығын оқырмандарға кеңінен таныстыру  және жастардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында, М.Мәметова атындағы жоғарғы педагогикалық колледж студенттерінің қатысуымен ақын,  жазушы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мол мұра қалдырған Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына  орай «Мағжан жыры мәңгілік» атты  жыр кеші өтті. Оқырмандар ақынның өлеңдерін  жатқа оқып, өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Мағжан жыры мәңгілік» атты кітап көрмесімен жақынырақ танысып ақын туралы көп мағлұмат алды.  Қолтаңбаларға деген қызығушылық соңғы уақытта айтарлықтай өсті.Осыған орай, «Қолтаңбам – халқыма!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман назарына ұсынылды.    Кітаптағы жазу оған ерекше сипат беріп, оның  оқырмандар үшін өте маңызды, құнды екенін көрсетеді. Автордың колы қойылған кітап, уақыт шежіресінің кітабы болып саналады. Кітап көрмеге  әртүрлі уақытта, әртүрлі жағдайларда сыйға берілген әдебиеттер, өлкемізге белгілі тұлғаларымыздың шығармалары қойылды. Кітапхана оқырмандары кітап көрмесіне қызығушылық танытып, өз ара қызықты  ақпараттармен бөлісті. 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Ел рәміздері асыл мұрамыз» атты патриоттық кеш өтті. Шараға Облыстық «Ұрпақтан  ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері, Қызылорда облыстық қылмыстық атқару департаментінің  қызметкерлері және С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледж студенттері мен мұғалімдері қатысты. Шараға қатысушылар  арнайы ұйымдастырылған «Тарихтан туған рәміздер» атты  кең көлемді кітап көрмесімен танысты.  5 маусым  Дүниежүзілік  қоршаған ортаны  қорғау күніне орай  «Табиғатым-тағдырым» атты экосағатын өткізді. Шара барысында қоршаған ортаны қорғау, қаламызды таза ұстап, табиғат байлығын қадірлей білу керектігі жайлы оқырмандар өз ой-пікірлерін айтты. Сонымен қатар «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттер таныстырылды. «Жазғы кітапхана» жобасы аясында С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің 1-курс студенттерінің қатысуымен «Жол жүру ережелері – біздің көмекшіміз» атты ойын сағатын өткізді. Ойын барысында, қатысушыларға жол ережесі бойынша сұрақтар қойылып, түрлі  қиын  жағдайларда  жасалатын іс-әрекет жолдары  суреттер арқылы айтылып, жолда жүру ережелері  түсіндірілді. Шараға арнайы «Жол жүру ережелері – біздің көмекшіміз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, техникалық кітаптар оқырмандардың ерекше сұранысына ие болды, – дейді аға кітапханашы бізбен әңгімесінде.                                                                                                                                                    

Кітапхана ұжымы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 1-шілде Ұлттық домбыра  күніне орай  «Домбыра-қазақ халқының мұрасы» атты  өнер кешін өткізген. Шараға арнайы «Ұлы өнер-ұрпаққа үлгі» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана оқырмандары ұлттық домбыра күнінің мәні мен маңыздылығы жайында, домбыраның қазақ өмірінде алатын ерекше орны туралы толық мағлұмат  алып, көрмемен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабы» туралы түсініктерін қалыптастыру және оның маңызын, Қызыл кітаптағы  жойылып бара жатқан  аң -құстарды, өсімдіктерді қорғауға және туған табиғатымыздың байлығын қорғап, кейінгі ұрпақтарға жеткізу мақсатында  «Жазғы кітапхана» жобасы аясында  кішкентай оқырмандарымен «Қызыл кітап құпиясы» тақырыбында  қызықты ақпарат алды. Шара барысында оқырмандарымыз арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен жақынырақ танысып, сирек кездесетін және жойылып кетуі мүмкін жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер, балықтарға қатысты қызықты деректермен танысты.

     Ал ұлы ойшыл ақын, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Шежірелі, шерлі ғұмыр » атты Шәкәрім оқулары өткізілді. Шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Жағыппар Зере, Тұрдалы Сұлтанахмет, Қасқырбай Томирис, Қасқырбай  Іңкәр қатысты.Қатысушылар ғұлама ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Кітапханада кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

         Кітапхана оқырмандары арасында балабақша бүлдіршіндері де бар. Аталған ұжым кішкентай оқырмандарына арнап арнайы шара өкізуді де жолға қойған. Мәселен, «Жазғы кітапхана»  жобасы аясында «Нұр әлемі» балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Ертегім сыр шертеді» атты қызықты  кітаптар сағаты өткізілген. Шара барысында   ертегі кейіпкерлерінен  көрініс көрсетіліп, «Ер Төстік», «Алтын сақа», «Жеті лақ», «Құмырсқаның қанағаты», «Екі әтеш», «Құйыршық» тағы басқа ертегілер дауыстап оқылды. Ертегі кітаптардан «Біз қай кітаптанбыз?» тақырыбында сұрақтар қойылып, сергіту ойындары ойнатылған.  

Тағы да оқыңыз: