Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №1 кітапханада «Адал Адам» мәдени-тәрбие орталығының «Әлем ВООК» жобасы аясында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі-бүгінгі жас ұрпақ» және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова 100 жыл толуына орай «Әлия-батыр қызы сен халқымның» атты ерлік сағаты ұйымдастырылды.

Өскелең ұрпаққа ата-баба ерлігі мен бүгінгі бейбіт заманның қадірін ұғындыру, батырларды мәңгілік ел есінде сақтау мақсатында ұйымдастырылған шараға қаладағы 5547 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасының взвод командирі, лейтенант Р.Молдаш сарбаздарымен, «ОRDA» жоғары колледжінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы А.Нұрпейісов және колледж студенттері қатысты.

Шарада барысында С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің қызметкері Амангелдіқызы Диана «Катюша» әнін орындады. Сондай-ақ «Дарын» ән үйірмесінің оқушылары патриоттық әндер шырқады. Кеш қонақтары құттықтау сөз сөйлеп, жас буынға Отанымызды қорғап,қызметке айтулы үлес қосуға шақырды. Шара соңында«Әлия-батыр қызы сен халқымның» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға кеңінен таныстырылды.

Тағы да оқыңыз: