Kyzylorda-news.kz   Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада белсенді оқырмандардың қатысуымен жазушы, драматург Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгіме желісі бойынша әдеби талдау өткізілді.

Шараның мақсаты – кітап сүйер қауымға жазушы, драматург Роза Мұқанованың шығармаларын насихаттау. Оқырмандар талдау барысында алдымен «Мәңгілік бала бейне» атты әңгімесінің авторы Роза Мұқанованың шығармасындағы қазіргі қоғамдағы адамгершілік мәселелерін терең түсінуге мүмкіндік бергенін және де оқырман қоғамның қаталдығын, адамдардың бір-біріне деген немқұрайлы қарым-қатынасын, жеке тұлғаның тағдырын жаппай өзіндік стилімен баяндағанын айтып өтті. Сонан соң шараға арнайы сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салды.

Кітапхана оқыманы Бекайдарова Сания – шығармадағы оқиға қай жерде орын алғанын және де әңгіменің басты кейіпкері Ләйлә арқылы жазушы қоғамның қатыгездігін айқын көрсеткенін айтса, оқырман Ерланұлы Ержан ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өміріне тоқталды. Жалпы шара барысында оқырмандар әңгімені қызу талқылап, Ләйләның туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйін, жас қыздың атомның әсерінен емес, адам баласының ісінен өз өмірімен қоштасқанын, сонымен бірге қоғамның лас әрекетіне шыдамаған Ләйләмен бірге оның Қарауылы, рухы, ұлты жойылғанын айтып, пікірлерімен бөлісті. Оқырмандар әдеби талдауды қорытындылай келе, автор шағын әңгімесінде басты кейіпкер Ләйлә образы арқылы күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын баяндаған өте мазмұнды, оқырман жүрегіне ой салатын, мағынасы зор шығарма екенін айтып өтті.

Тағы да оқыңыз: