Kyzylorda-news.kz Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхананың ұйымдастыруымен Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі студенттерінің қатысуымен «Ызғарлы жылдар іздері» атты танымдық сағаты өткізілді.
Шараның мақсаты – қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен ұлтымыздың айтқан зары,кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдарын оқырман қауымға насихаттай отырып, жастарымызды елжандылыққа, өткенімізді ұмытпауға, тарихымызды зерделей білуге тәрбиелеу.
Колледждің тарих пәнінің мұғалімі Рахманбаева Асылзат Әбдімәжитқызы қатысып, 31 мамыр қуғын–сүргін құрбандарының өмір жолдарымен тереңірек таныстырып, 1932 -1933 жылдардағы қазақ еліндегі ашаршылық зұлматы қолдан жасалған құбылыс жайында тарихи ащы шындықты жастарға қарапайым тілмен жеткізе білді. Шара барысында оқырмандар тақырыпқа сай «Зардабы мұңлы жаңғырық жылдар» атты кітап көрмесіне Қойгелдиев Мәмбет «Тарих тағылымы не дейді?», Қойшыбаев Бейбіт «Жазықсыз жапа шеккендер», Дихан Қамзабекұлы «Алаш және әдебиет», Жүсіп Сағат «Ашаршылық ақиқаты», Әсіп Сапабек «Қазақ қасіреті», Михайлов Валерий «Ғаламат жұт шежересі», Әлихан Бөкейханов «Шығармалар», Манаш Қозыбаев «Ақтаңдақтар ақиқаты», Нәубет», Михайлов Валерий «Ұлы жұттың жазбалары», Мұстафа Шоқай «Түркістанның қилы тағдыры»,«Алаш қозғалысы», т.б мерзімді басылым беттеріндегі жарық көрген тарихи деректі кітаптар мен танысып «Ызғарлы жылдар іздері» атты 10 минуттық бейнебаян арқылы тағдыры тәлкек болған қазақ зиялыларымен 1932-1933 жылдардағы ашаршылық тарихы қазақ халқын орны толмас қайғы - қасіреті жайында деректермен танысты.