Kyzylorda-news.kz  Партияның «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ЖОО мен колледж студенттері және жас мамандар қаржылық сауаттылықты арттыру курсының алғашқы кезеңін бастады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауатын арттырудың маңызын атап өтіп, «AMANAT» партиясына Үкіметпен бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырды. Биыл еліміздің барлық 20 өңірінде 200 мың адамды оқыту жоспарлануда. Сондай-ақ мектеп, колледж және жоғары оқу орнына арналған әдістемелік құралдар әзірленеді. Бұл шамамен 100 мың студент пен 450 мың оқушыны қаражатқа неғұрлым жауапты қарауға үйретуге мүмкіндік береді. Ал Қызылорда қаласы бойынша жыл соңына дейін 1620 азаматты оқудан өткізу жоспарланған.

Қаржылық сауаттылыққа үйрететін жоба қызығушылардың саны күн санап артып келеді. Бұған дейін партияның қалалық филиалында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттырудың кезекті курсынан өткен 50 тұрғынға сертификат табысталған болатын. «Қарызсыз қоғам» жобасының өңір бойынша қаржы сарапшысы, ментор Наталья Мишукова аталған жобаның қаржылық сауаттылықты арттырудағы тиімділігі мен басым бағытын атап өтті. Бүгінге дейін жоба аясында мыңнан астам азамат қаржылық сауатын ашқан. 

Тағы да оқыңыз: