Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қаласының М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде 15 мамыр – Отбасы күніне орай, ұстаздық пен сазгерлікті қатар алып жүрген балалар композиторы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Сәкен Шынымовтың «Сазды әуен жүректерді тербеген» атты шығармашылық кеші өтті.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, М.Ералиева атындағы қалалық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен өткен кеш ақын Нұрлыбек Сафиннің сөзіне жазылған сазгердің «Назерке» әнімен ашылды.

Содан соң кеш иесін бөлім басшысы Жағыпар Тажмаханов құттықтап, өңірде балалар шығармашылығын дамытуда өз үлесін қосып жүрген сазгерге Қызылорда қаласының әкімі Серік Қожаниязовтың, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекованың құттықтау хаттарын табыстады.

Кеш барысында лэд экран арқылы сазгердің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнекөрсетілімдер көрсетіліп, үйірме өнерпаздары мен мектеп, балабақша бүлдіршіндері сазгердің «Қазақстан», «Соңғы қоңырау», «Анашым» тағы басқа әндерін орындап, көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады.

Кеш соңында өнер көрсеткен барлық өнерпаздарға алғыс хаттар тапсырылды.

Тағы да оқыңыз: