Kyzylorda-news.kz. 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай Қызылорда облысының архивтері және қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ-мектеп-лицейінде 8 сынып оқушылары арасында «Өркениет көшіндегі Ұлы дала мұрагерлері» атты қалалық дебат турнирі өткізілді.
Шараның мақсаты – жастардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Турнирге Қызылорда облыстық «Ақиқат» саяси пікірсайыс клубының мүшелері төрелік етті.
Қалалық турнирде пікірсайысшылар түрлі тақырыпты жан-жақты талдап, өзара жеңімпаздарды анықтады. Төрешілердің шешімімен ұтымды пікір білдіріп, мәселенің өзектілігін жеткізген сөз бәйгесінде І орын Б.Момынбаев атындағы №278 ІТ-мектеп-лицейінің «Байұзақ ұландары» фракциясы, ІІ орын Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінің «Либерти» фракциясы, ІІІ орын Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің «Есетов жастары» фракциясы иеленді.
Сонымен қатар Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектебінің «Либерти» фракциясының спикері Т.Үсенгелді «Үздік спикер», Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің «Тыныбаев жастары» фракциясының спикері Г.Жаңабай «Үздік сарапшы», «Ақиқат» саяси-пікірсайыс клубының мүшесі М.Кенжебекова «Үздік төреші» номинацияларымен марапатталып, І.Қабылов атындағы №12 ІТ-мектеп-лицейі «Ақиқат» фракциясының спикерлері А.Жалғас, Ғ.Ғалымжанқызы, Ә.Мүсілім атындағы №101 мектеп-лицейі «Алаш қыздары» фракциясының спикерлері А.Ануарбек, И.Нұртайқызы, Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейі «Тыныбаев жастары» фракциясының спикерлері А.Серік, Г.Жаңабайға алғыс хаттар табысталды.
Шара соңында архив қоры құжаттарынан дайындалған «Тарихы терең Сыр елі» тақырыбындағы көрме таныстырылды.
Ұшқыр ойлы жастарды айтулы жеңістерімен құттықтай отырып, пікірсайысқа дайындаған ұстаздары мен жетекшілеріне алғыс білдіреміз!
