Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №39 «Қызылөзек» орта мектебінде көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған «Ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беруді жаңа идеялармен ұштастыра отырып шығармашылыққа баулу» тақырыбындағы қалалық семинар өтті.

Семинарға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Ғазиз Убаев қатысты. Семинардың мақсаты – білім алушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің ескірмейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғыртуға, терең ойлауға, өнерді сүюге, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты білімдерін дамыту арқылы нығайту.

Шара барысында ұстаздардың жетекшілігімен шәкірттерінің қолдан жасаған этностильдегі бұйымдарының «Шеберлік бастауы – ізденіс» тақырыбында көрме жұмысы таныстырылды.

Сонымен қатар семинарда білім алушыларға «Өткеннің іс-тәжірбиесімен болашаққа көзқарас» тақырыбында ҚР суретшілер одағының мүшесі, қолөнерші, Маханбетов Жәнібектің өмірбаяны мен шығармашылығы таныстырылды.

Семинар соңында үздік шеберлік сыныбын көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөліскен ұстаздар алғыс хаттармен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: