Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ағылшын және орыс тілі кабинеттері арасында «Үздік кабинет – 2024» байқауы өтті.
Байқауға ағылшын тілі кабинетінен 10, орыс тілі мен әдебиеті бойынша 3 кабинет қатысты. Байқау оффлайн форматта жүргізілді және алдын ала бейнероликтер жинақталды.
Жалпы мұндай байқауды ұйымдастырудағы мақсат – педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру, инновациялық идеялар мен жетістіктерін насихаттау, креативті идеяларға үндеу.
Байқауға қатысушы білім ошақтары арасында үздіктер анықталып, нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды Н. Ергешбаев атындағы № 172 орта мектебі, Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектебі және №257 орта мектебі иеленді. Ал, жүлделі ІІ орынға Ж.Қизатов атындағы № 23 мектеп-лицейі лайық деп танылды. Ал І орынды Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектебі алды. «Үздік кабинет – 2024» Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі атанды. Сондай-ақ Ж.Махамбетов атындағы № 43 орта мектебі алғыс хатпен марапатталды.
Ал, орыс тілі мен әдебиеті кабинеттері бойынша Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейі «Современный кабинет – 2024» атанды.