Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында «BILIM TOUR» білім беру жобасы өтеді. Жоба аясында 10-11 сынып оқушылары тәжірибелі ҰБТ сарапшыларынан пән бойынша тегін сабақ алып, мамандық таңдау мен жоғары оқу орнына түсу бойынша кәсіби бағдар ала алады.
«BILIM TOUR» – жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық барысында практикалық көмек көрсетуге және мамандық таңдауда кәсіби бағдар беруге бағытталған әлеуметтік білім беру жобасы.
Жоба қатысушыларына ҰБТ дайындығына арналған оқу материалдары тегін таратылады. Сондай-ақ оқушылар арасында дайындық курстарына жолдамалар мен оқу құралдары ойнатылады. «BILIM TOUR» жобасы аясында табысталатын сыйлықтардың жалпы құны 3 миллион теңгені құрайды.
Жобаны 2021 жылдан бері оқушыларды ҰБТ-ға дайындап келе жатқан «Glucose» білім беру орталығы ұйымдастырады. Қызылордадан кейін Bilim tour Қазалы, Жетісай және Шымкент қалаларында жалғасып, өңір оқушыларына тегін дайындық сабақтары мен кәсіби бағдар алу мүмкіндігін ұсынады.
