Kyzylorda-news.kz. «EDU Stream» халықаралық білім беру орталығы, «ExpressPublishing» халықаралық баспасының ресми өкілі ретінде ұстаздарға арналған әдістемелік көмек көрсету тәжірибесін жалғастыруда.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында атап өткендей ғылым мен білім саласын нығайту, соның ішінде сапалы педагогтарды даярлау мақсатында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған семинар өткізуде. Осыған байланысты Қызылорда облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді. Семинар Қызылорда қаласы №282 мектеп-лицей базасында өткізілді. Семинар «engage and motivate your primary learners with express publishing» тақырыбымен өтті.

Семинарды өткізудегі басты мақсаты – ағылшын тілі пәніне арналған әдістемелік кешендерді тәжірибе жүзінде тиімді пайдалануына ықпал ету, педагогикалық шеберлікті арттыру, сондай-ақ практикалық және әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Семинарға қалалық білім бөлімі ағылшын тілі пәні методисті Ғалия Ермағанбетқызы Ибрагимова және облыстық және қалалық мектептерінің ағылшын тілі пәні бірілестік жетекшілері қатысты. Қалалық білім бөлімі ағылшын тілі пәні методисті Ғалия Ермағанбетқызы Ибрагимова жыл ағымында қала бойынша жасалған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақыттары жасалатын жоспарларға тоқталды.

Семинарда Қызылорда облысының «EDU Stream» халықаралық білім беру орталығы, «ExpressPublishing»халықаралық баспасының методисті Садирбаева Дина Медетбекқызы 3 сыныптарға арналған «English Language for Kazakhstan» оқулығы бойынша таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Тағы да оқыңыз: