Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жаһандану заманында бәсекеге қабілетті, ұшқыр ойлы, интеллектуал ұлт тәрбиелеу мақсатында «IQ-ORDA» республикалық интеллектуалды байқауы өтті. 

Республиқалық жастар байқауына облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Интеллектуалды сайысқа республикамыздың түкпір-түкпірінен 18-35 жас аралығындағы білімді, ізденімпаз, коммуникативті және тапқыр интеллектуал жастары қатысты. Нақтырақ айтсақ, сайыста Атырау, Ақтөбе, Жетісу, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан келген үздік 20 команда өзара сынға түсті.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Сұрақтардың да деңгейі жоғары. Кіл білімді жастар жиналған командалар үшін жеңімпаз атану оңайға түспеді. Қорытынды нәтиже бойынша бірінші орынды Қазалы ауданы, 2 орынды Жалағаш ауданы, 3 орынды Алматы қаласынан келген білімді жастар иеленді.

Сайыс соңында білім додасында еліміздің әр аймағынан  бақ сынауға келген жастар арнайы номинациялар бойынша марапатталып, жеңімпаз командаларға ақшалай сыйлық табысталды.
 

341466b7-5249-4e7d-93dc-c9dfd66be8c3.jpg

 

120c70a2-f0d5-4dd2-91a8-ed8a19ec7bf0.jpg

 

8f9efc4d-1a58-4de0-af45-bd8ddbc4497e.jpg

 

Тағы да оқыңыз: