Kyzylorda-news.kz  Қалаға жақын орналасқан тасбөгет кентіндегі №257 орта мектептің білім көкжиегіне қанат қаққанына 20 жылға жуықтаған. Кенттегі өзге де оқу орындары арасында өзіндік орны қалыптасқан білім ордасы алты жүзден астам оқушыға жобаланған. Қазіргі таңда мектепте 1300 оқушы тәлім-тәрбие алуда.

Бүгінде бұл мектепте жалпы 26 кабинет жасақталған. Оның ішінде мультимедиялық – 1, интерактивті – 4, информатика пәнінен – 1, лабораториялық –2, технология пәнінен – 2 кабинет бар. Одан бөлек, балалардың салауатты өмірін қалыптастыруда спорт залы және дұрыс тамақтануы үшін асхана жұмыс жасайды. Сонымен қатар биология, технология, робототехника кабинеті жабдықталған.

        Мектеп тарихында алғашқы басшылық тізгінді 2005-2008 жылдар аралығында Асқар Әділбеков ұстаса, одан кейін бұл қызметке 2008-2009 жылдары Күләш Тұрсынқызы, 2009-2013жылы Назира Парамұрзақызы, 2013-2019 жылға дейін Бекзат Сағындықұлы тағайындалды. Ал 2019 жылдың 6 тамызынан бастап мектепті Гулмира Камалқызы басқарып келеді.  

Қазіргі заман талабына сай білім ордасының базасы ақпараттық ресурстармен жабдықталған. Егеменді елдің болашақ тұлғаларын оқытып, тәрбиелеуде білім ошағының атқарып жатқан игі істері баршылық. Бұл мектеп ұжымының басты міндеті саналады. Соның нәтижесінде оқушылар мен ұстаздар халықаралық, облыстық, қалалық байқаулардың, олимпиада жүлдегерлері.

Бүгінде мектеп ұжымының барлық жетістігі оқушылардың білім сапасын жоғары деңгейде көрсетумен сипатталады. Ол үшін білікті маман болу маңызды. Қазіргі таңда №257 орта мектепте педагог-зерттеуші санатты  – 36, педагог-сарапшы санатты – 58, педагог-модератор санатты – 31, санатсыз - 31 мұғалім жұмыс жасайды.

Оқушыларды білім нәрімен сусындатуда ұстаздар қауымының еңбегін ерекше атап өткен жөн. Білім беру ісінде өзінің біліктілігімен, білімімен көзге түскен озық тәжірибелерімен аймағымыз бен кентте беделге ие болып жүрген ұстаздар қауымы мектеп абыройын арттыруда. Атап айтқанда,  Ж.Иманғалиева, Ә.Сарина, А.Байтасова, Б.Балтабаева, Г.Имешева, Г.Өтегенова, Л.Егізбаева, А.Оспанова, Ж.Мняжовалар, А.Абдыкалыкова , Ж.Шуменова, А.Айжарықова, Р.Шағаева, Г.Қапақова, Г.Сулейменова сынды ұстаздар мектеп мақтанышына айналып отыр. Осындай білікті ұстаздар оқытқан шәкірттер республика, облыс, қала көлемінде өткізілген барлық шараларға,  пәндік олимпиада, зияткерлік сайыстарда оза шауып бәйге алып жүргені тағы бар. Мектепте 9 бірлестік жұмыс жасайды.

Білім мен өнерді қатар ұштастырған киелі мекен білім ордасы алдағы күннің талабына сай зор міндеттер орындауды мақсат етеді. Еліміздің  ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында. Сондықтан білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі ұстаз қауымының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі.

Мектеп абыройы оқушылар мен мұғалімдердің білім саласындағы жетістігімен өлшенетінін айттық. Соның көрінісі ретінде 11 сынып оқушыларына арналған Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде биология пәні бойынша Нұртілеуова Салтанат ІІІ орын, пән мұғалімі Шағаева Роза, «Дарын» республикалық ғылыми жобасының облыстық кезеңінде 9 сынып оқушысы Оқасова Махаббат химия бағыты бойынша ІІІ орын, жетекшісі Өтепбергенова Динара, жалпы білім беру ұйымдарының 11-18 жас оқушыларының арасында «Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік» тақырыбында өткізілген «Бабалар бастауы-2021» әлеуметтік жобалар байқауының облыстық кезеңінде 8 сынып оқушысы Мырзағұл Ұлдана ІІ орын – пән мұғалімі Сейдахметова Мира, облыстық эссе байқауы «Әке – отбасы тірегі» І орын Тұрғанова Динара, пән мұғалімі Айжарықова Әсия, облыстық сурет байқауы «Отбасы – бақыт мекені» сайысынан ІІІ орын Шарапат Мерей, пән мұғалімі Айжарықова Әсия, Қызылорда облыстық  «Өмірі өнегелі ұстаз» мәнерлеп оқу сайысы І орын Мусаева Аида, пән мұғалімі Айжарықова Әсия диплом иегері атанды.

Сонымен қатар, қала көлемінде  9-11 сынып оқушылары арасындағы пәндік олимпиада 10 сынып оқушысы Нұртілеуова Салтанат қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ орын, пән мұғалімі Қожбанова Айнұр,  9 сынып оқушысы Ғали Гүлден қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын, пән мұғалімі Әлшоразова Роза, 11 сынып оқушысы Теңізбай Арайлым орыс тілі мен әдебиеті пәні ІІІ орын, пән мұғалімі Тажимова Аида, 11 сынып оқушысы Мұрат Асхат тарих пәнінен ІІ орын пән мұғалімі Әлдешова Ж, 10 сынып оқушысы Манас Нұрай тарих пәнінен ІІ орын пән мұғалімі Әлдешова Ж, 11 сынып оқушысы Сүлейменова Балжан химия пәнінен ІІ орын, пән мұғалімі Байтасова Айгүл, республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде математика пәні бойынша 5 сынып оқушысы Аяпберген Диана  ІІІ орын-пән мұғалімі Имағамбетова  Гүлнұр, республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде математика пәні бойынша 6 сынып оқушысы Әбжан Нұрасыл,  ІІІ орын-пән мұғалімі Алпысбай Сабыржан, республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5 сынып оқушысы Маратова Ақбота  ІІІ орын-пән мұғалімі Сарина Әсем, республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде орыс тілі пәні бойынша 5 сынып оқушысы Маратова Аяжан  ІІІ орын-пән мұғалімі Капакова Алтынкүл, қалалық  жоба 2-7-сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының І қалалық кезеңінде «қазақ тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша ІІ орын Жақыпбек Нұрали, жетекшісі Шөменова Жанар, «Үздік авторлық бағдарлама-2021» байқауында физика пәні бойынша Қойшыбаева Мадина - ІІІ орын, «Үздік авторлық бағдарлама-2021» байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Таширова Сания -ІІІ орын иемденді.

Ал «Үздік авторлық бағдарлама-2021» байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Қойшыбаева Майра - ІІІ орын «Үздік авторлық бағдарлама-2021» байқауында география пәні бойынша Әлмұрат Гүлжамал - ІІІ орын, Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Білім беру ісінің құрметті қызметкері Иса Маралбек Құдайқұлұлын еске алу салтанатты шарасына арналған қала мектептерінің 4-сынып оқушылары арасында математика пәнінен өткізілген логикалық олимпиада І орын Байділда Дарина, жетекшісі Көшербаева Айнаш, қалалық Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Мағжан Жұмабаев: Педагогикасы (жаңаша көзқарас)» тақырыбында өткізілген педагогикалық оқу сайысы, ІІІ орын, бастауыш сынып мұғалімі, Беркенова Бағжан, Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Қазақтың тәлімгер тұлғасы» қалалық ғылыми жоба Бақытбек Нарғыз І орын, пән мұғалімі Қойшыбаева Майра,     «Дулат Исабеков шығармалары бойынша панорамалық сабақтар» кәсіби байқау қалалық сайыстан І орын Айжарықова Әсия, қалалық сайыс «Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңі «Ұлттық аспапта өнер көрсету» Мусаева Аида ІІ орын, пән мұғалімі Айжарықова Әсия, «Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңі «көркемсөз оқу» номинациясы ІІ орын Зинулла Қарақат, пән мұғалімі Жүсіпова Жанат, Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай  «Ұлт ұстазы – Ы.Алтынсарин» қалалық мәнерлеп оқу сайысы І орын Өтепберген Нұрислам, пән мұғалімі Таширова Сәния, «Ер Едіге» жырын жатқа айту байқауы қалалық Диплом Сәлімжан Жанерке, пән мұғалімі Асанбаева Ғалия, қалалық Абай оқулары ІІІ орын Жамбул Ақнұр эссе байқауынан, пән мұғалімі Қожбанова Айнұр Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай  «Ұлт ұстазы – Ы.Алтынсарин» қалалық мәнерлеп оқу сайысы ІІІ орын Стамбай Аян, пән мұғалімі Мылтықбаева Перизат алса, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қазақ күресінен 2010-2011 жылдары туған ұлдар арасында өткен қалалық ашық біріншілікте 42 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын Азамат Артай місе тұтқан.

Сонымен қатар қалалық «Елбасы және тарих» жоба байқауы, Маханбетқызы Ұлданай 3орын, Жетекшісі Шахиева Салтанат, қалалық «Ұлы тағдыр – ұлы тұлға» бейнеролик сайысында Тұрғанбек Әлия 3орын, жетекшісі Матжанова Айжамал, қалалық Тәуелсіздік 30 жылдығына Дебат сайысы 3орын, Жамбыл Ақнұр жетекшісі Сәулебекова Гүлзада, қалалық XXI ғасыр көшбасшысы, 2орын, Түсіпбек Азамат, жетекшісі Ахметова Айнұр, қалалық «Онлайн интеллект» 7-8 сынып оқушылары арасындағы сайыс ІІ орын, жетекшісі Шахиева Салтанат, «Үздік тарих пәні мұғалімі - 2021» тарих пәні мұғалімі Шахиева Салтанат ІІІ орын, Дарын облыстық білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Табиғатты аяла» атты жас экологтардың театрландырылған қойылымына қатысып «Тіршіліктің тірегі сен Жер Ана!» театрландырылған қойылым қойып ІІ орын иеленді. ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Білім беру ісінің құрметті қызметкері Иса Маралбек Құдайқұлұлын еске алу салтанатты шарасына арналған қала мектептерінің дебат турнирі Русланқызы Назерке ІІ орынды иеленді.   Тасбөгет кентінің әкімдігі. А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Ел ертеңі – жастар» тақырыбында өткізілген пікірсайыс турнирі. ІІ орын. Русланқызы Назерке,  Исхакова Сабина, жетекшісі Сәрсембай Айгерім кент әкімдігінің алғыс хатымен марапатталған.

Сондай-ақ, Сәрсембай Айгерім «Үздік авторлық бағдарлама-2022» облыстық байқауының қалалық кезеңінде ағылшын тілі пәні бойынша ІІ орын иеленгені үшін Қызылорда қаласы бойынша білім  бөлімі қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің дипломы табысталған. Республикалық шығармашылық «Выразительное чтение  байқауында» Рашидова Назым  I орын, пән мұғалімі Имешова Гүлмира иеленді.

Орыс тілі пәні бойынша ұстаздың сапалы білімі мен өзінің білімділігін көрсеткен Жеткерген Думан республикалық ғылыми  жұмыстар жинағына «Басни Крылова» тақырыбындағы ғылыми жобасымен қатысқан үшін (пән мұғалімі Имешова Гүлмира) I орын иеленді.  

Өткен оқу жылында Сармырзаев Ержігіт «Жыл оқушысы» республикалық байқауында 3 орын иеленді, жетекшісі Әлжанбаева Гүлбағым. Қанипа Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зерттеу орталығының «Білім беру  ұйымы басшысының үздік орынбасары» байқауында  мектеп директорының орынбасары Жүнісова Дина жүлделі 2 орын, мектеп директорының орынбасарлары Қойшыбаева Майра, Байғабылова Дина 3 орын иеленді. Сонымен бірге Сармырзаев Ержігіт «Жыл оқушысы» республикалық байқауының облыстық, қалалық кезеңдерінен 1 орын иеленді, жетекшісі Әлжанбаева Гүлбағым. Облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының ұйымдастыруымен өткен «Үздік сабақ» байқауында тарих пәні мұғалімі Сулейменова Гүлфаридаға диплом табысталды. Облыстық «Дарын»ғылыми жобасында 10 сынып оқушысы Аманжолова Нұрару Алғыс иеленді, жетекшісі Шағаева Роза.

Сондай-ақ, «Ұлттың рухани ұстазы – А.Байтұрсынов» атты облыстық педоқуға қатысушылар Д.Жүнісова, М.Қойшыбаева, А.Рахметова, Л.Егізбаева Алғыс хат иеленді. Қалалық олимпиада да қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11 сынып оқушысы Амангелді Зейнеп  3 орын, пән мұғалімі Сарина Әсем, биология пәнінен 11 сынып оқушысы Шынтемірова Дильназ   3 орын, пән мұғалімі Шағаева Роза, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен  10 сынып оқушысы Тыныштықбаева Жанель 3 орын, пән мұғалімі Имешова Гүлмира, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9 сынып оқушысы Мусаева Аида 3 орын, пән мұғалімі Айжарықова Асия, география пәнінен 11 сынып оқушысы Арғынбек Сергей 3 орын, пән мұғалімі Ахметова Айнұр, физика пәнінен 10 сынып оқушысы Абдрасулеев Әділет  алғыс хат, пән мұғалімі Сейдахметова Мира, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 9 сынып оқушысы Серік Ақманат Алғыс, пән мұғалімі Балтабаева Бақыт, 5-6 сынып оқушылары арасындағы республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінде жаратылыстану пәні бойынша  6 сынып оқушысы Сәпиева Асылай 3 орын иеленді, пән мұғалімі Байғабылова Дина мараптталды.

Ал 7-8 сыныптар арасындағы юниорлық олимпиадада математика пәні бойынша 7 сынып оқушысы Әбжан Нұрасыл 3 орын, пән мұғалімі Алпысбай Сабыржан, информатика пәні бойынша 7 сынып оқушысы Мұхтарұлы Заңғар, пән мұғалімі Қабылова Шара, биология пәні бойынша 7 сынып оқушысы Қали Гүлім 3 орын, пән мұғалімі Қарғабаева Жаныгүл, биология пәні бойынша 8 сынып оқушысы Нұрылла Хамида 3 орын, пән мұғалімі Тоғанова Айымкүл иемденді. Сондай-ақ ғылыми жоба бойынша республикалық «Зерде» ғылыми жобасының қалалық кезеңінде Егізбаева Лаура 2-орын алды. Қатысқан оқушылары Тахиржан Әли, Тахиржан Мансур, Нағметова Шынар оқушысы Дарханұлы Мұстафа,  Әбдіхалықова Алуа оқушысы Биғали Назерке  өз білімдерін көрсетті.

Ал тарих пәнінен пән мұғалімі Сәулебекова Гүлзада дайындаған 6 сынып оқушысы Серік Айзере  3 орын иегері атанды.

Білім ордасының ұстаздары өздерінің кәсібиліктерін де дәлелдеп келеді. Мәселен, қалалық “Үздік бастауыш сынып мұғалімі” байқауы  3 орын Кәрібаева Ақерке, республикалық “Педагогикалық идеялар фестивалі” байқауының қалалық кезеңінде  3 орын Оңғаров Асылхан, республикалық “Педагогикалық идеялар фестивалі” байқауының қалалық кезеңінде ”Білім беру жүйесіндегі менеджмент” бөлімі бойынша  3 орын Қойшыбаева Майра, қалалық «Үздік авторлық бағдарлама- 2021” ІІІ орын, қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі  Қойшыбаева Майра, қалалық “Үздік авторлық бағдарлама- 2021” ІІІ орын, география пәні мұғалімі Әлмұрат Гүлжамал, қалалық “Үздік авторлық бағдарлама- 2022” ІІ орын, ағылшын тілі пәні мұғалімі Сәрсембай Айгерім, қалалық “Үздік авторлық бағдарлама- 2023” ІІ орын, тарих  пәні мұғалімі  Матжанова Айжамал, үздік онлайн сабақ - пән мұғалімі Сәулебекова Гүлзада, үздік онлайн сабақ  пән мұғалімі Сүлейменова Гүлфарида атанды. Білім ордасының оқушылары шығармашылық байқауларда да өздерін көрсете білген. Оның ішінде қалалық мәнерлеп оқу сайысына 3 «Ә» сынып оқушысы Маделханов Ғабиден  қатысып, І орынды иеленсе, сынып жетекшісі Тұрғанбаева Зинегүл, қалалық бастауыш сыныптар арасында өткізілген «Үздік авторлық бағдарлама-2023» байқауында бастауыш сынып мұғалімі Аманова Ғалия 2-орынды иеленді. Қалалық «Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына» орай 4-сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауында  4 «Б» сынып оқушысы Сайлаубай Әлима 2-орын иеленді, жетекшісі Нағметова Шынар, қалалық 3-4-сыныптар арасында математикадан олимпиададан 4 «А»-сынып оқушысы Шакирова Ақерке 1-орын, жетекшісі Қапақова Гаухар, 3 «Ә» сынып оқушысы  Тасболат Сырым   2-орын иеленді, жетекшісі Тұрғанбаева Зинегүл.

Қалалық «Әдебиет әлемін танытқан Ахмет» мәнерлеп жатқа оқу бөлімі Әбжан Нұрасыл ІІІ орын, пән мұғалімі Сарина Әсемгүл,  «Әдебиет әлемін танытқан Ахмет» ақын мысалдарынан қойылым  7 сынып оқушылары, жетекшісі Жүсіпова Жанат, дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай қалалық эссе байқау ІІІ орын Орманова Жұлдыз, жетекшісі Асанбаева Ғалия,

Дүниежүзілік ЖИТС- пен күрес күніне орай қалалық сурет байқауы Алғыс Мұхамбетанапия Райхан, пән мұғалімі А.Қожбанова, қалалық «Ақберен» өнер байқауы ұлттық аспапта өнер көрсету бөлімі жүлделі ІІ орын Мусаева Аида, жетекшісі Айжарықова Әсия, қалалық «Ақберен» өнер байқауы көркемсөз оқу бөлімі жүлделі ІІ орын Аманжол Нұрару, пән мұғалімі Альшуразова Роза, «Назым сөздің шебері - Тұрмағамбет» жас жыршы – термешілер сайысы Мусаева Аида І орын, жетекші Айжарықова Әсия, ақиық ақын М.Мақатаевты еске алу мақсатында «Есіңе мені алғайсың» атты қалалық байқау жүлделі ІІІ орын Серік Айзере, пән мұғалімі Асанбаева Ғалия

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана құдіреті» атты қалалық байқау Жансауыт Аружан ІІІ орын, пән мұғалімі Асанбаева Ғалия, «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауында «Білім беру жүйесіндегі мененджмент» ІІ орын Қойшыбаева Майра, «Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері – Еркін Нұржанұлы Әуелбеков: Еңбек жолы мен мемлекеттік  басқару үлгісі»  тақырыбындағы облыстық педоқуға қатысқаны үшін сертификат Қойшыбаева Майра, «Ұлттың рухани ұстазы – А.Байтұрсынов» облыстық педоқу Есқалиева Анель алғыс хатпен мараптталды.

Қалалық «Ақберен» өнер байқауы көркемсөз оқу бөлімі жүлделі ІІ орын Аманжол Нұрару, жетекшісі Альшуразова Роза, қашықтық олимпиадасынан “Абай әлемі және рухани мұрасы” І дәрежелі диплом Болатбек Бегімай, пән мұғалімі Альшуразова Роза, КИО қашықтық олимпиадасы Інжу Бақыт І дәрежелі диплом, А.Байтұрсынұлы қашықтық олимпиадасы Өркенқызы Кәусар І дәрежелі диплом, республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қашықтық олимпиада Альшуразова Роза ІІ дәрежелі Диплом, Республикалық «Озат педагог» қашықтық олимпиада І дәрежелі Диплом Альшуразова Роза

Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі Жүлделі ІІІ орын Мусаева Аида, пән мұғалімі Айжарықова, қалалық «Ақберен» өнер байқауы ұлттық аспапта өнер көрсету бөлімі жүлделі ІІ орын Мұсаева Аида, жетекшісі Айжарықова Әсия, қалалық «Терме - тағылым» атты дәстүрлі терма айту байқауында І орын иеленгені үшін Мұсаева Аида, пән мұғалімі Айжарықова Әсия, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана құдіреті» атты қалалық байқау Жуасбай Махмудхан ІІІ орын, пән мұғалімі Айжарықова Ә

Ақиық ақын М.Мақатаевты еске алу мақсатында «Есіңе мені алғайсың» атты қалалық байқау, жүлделі І орын Жуасбай Махмұдхан, пән мұғалімі Айжарықова Әсия, қала мектептерінің 1-4-сынып оқушылары арасында өткізілген «Ертегілер елінде» атты сайыста 2 «Б» сынып оқушылары жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі Қалыбаева Айгерім.

Бұдан бөлек «2022 жыл- Балалар жылы» аясында қала мектептерінің бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген «Болашақты кілті -білімді ұрпақ қолында» атты эссе байқауы. ІІ орын, 4 «В»-сынып оқушысы Байділда Дарина, жетекшісі Көшербаева Айнаш, «Бастау» республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңі, 2-орын, Байділда Дарина, жетекшісі Көшербаева Айнаш,  «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы жеңіс» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген мәнерлеп оқу сайысы, І орын. 3 «б» сынып оқушысы - Сайлаубай Әмина, жетекшісі Нағметова Шынар ҚББ –нің дипломымен марапатталды. Қалалық Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай педагогикалық оқуда Беркенова Бағжан 3-орын иеленсе, республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде Алғыс Амангелді Зинеп,    пән мұғалімі Сарина Әсемгүл, қалалық «Әдебиет әлемін танытқан Ахмет» атты байқауда мәнерлеп оқу бөлімі Әбжан Нұрасыл 3 орын, жетекшісі Сарина Әсемгүл, 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана құдіреті» атты қалалық байқау І орын Өтепберген Нұрислам, пән мұғалімі Қожбанова Айнұр, ақиық ақын М.Мақатаевты еске алу мақсатында «Есіңе мені алғайсың» атты қалалық байқауында жүлделі І орынмен Өтепберген Нұрислам, пән мұғалімі Қожбанова Айнұр, ақиық ақын М.Мақатаевты еске алу мақсатында «Есіңе мені алғайсың» атты қалалық байқауда жүлделі ІІ орынмен Әділханов Әділет, пән мұғалімі Қожбанова Айнұр, Сыр сүлейі ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлына арналған «Назым сөздің шебері - Тұрмағамбет» атты қалалық көркем оқу байқауында жүлделі ІІ орынмен Әділхан Әділет, пән мұғалімі Қожбанова Айнұр, Сыр сүлейі ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлына арналған «Назым сөздің шебері - Тұрмағамбет» атты қалалық көркем оқу байқауында жүлделі ІІ орынмен Өтепберген Нұрислам, пән мұғалімі Қожбанова Айнұр марапатталды.

Бұдан бөлек дүниежүзілік ЖИТС- пен күрес күніне орай қалалық сурет байқауы Алғыс хат Мұхамбетанапия Райхан,   пән мұғалімі Қожбанова Айнұр, қалалық «Әдебиет әлемін танытқан Ахмет» атты байқауда көрініс бөлімінен 3 орын, жетекшісі Ж.Жүсіпова, Сыр сүлейі ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлына арналған «Назым сөздің шебері - Тұрмағамбет» атты қалалық көркем оқу байқауында жүлделі ІІІ орын Түсіпбек Азамат, пән мұғалімі Жүсіпова, КИО қашықтықтан олимпиада ІІ дәрежелі диплом Аманкелді Нұрару, пән мұғалімі Көпберген Нұргүл, Дарын онлайн қазақ тілі мен әдебиеті пәндік қашықтық олимпиадасы ІІ дәрежелі Диплом Нұрмұхаммед Мәдібек, пән мұғалімі Көпберген Нұргүл, Сыр сүлейі ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлына арналған «Назым сөздің шебері - Тұрмағамбет» атты қалалық көркем оқу байқауында жүлделі І орын Аманкелді Нұрару, пән мұғалімі Көпберген Нұргүл, Сыр сүлейі ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлына арналған «Назым сөздің шебері - Тұрмағамбет» атты қалалық көркем оқу байқауында жүлделі ІІ орын Жақыпбек Нұрали, пән мұғалімі Көпберген Нұргүл, Сыр сүлейі ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлына арналған «Назым сөздің шебері - Тұрмағамбет» атты қалалық көркем оқу байқауында жүлделі ІІ орын Теңізбай Нұрым, пән мұғалімі Көпберген Нұргүл, Сыр сүлейі ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлына арналған «Назым сөздің шебері - Тұрмағамбет» атты қалалық көркем оқу байқауында жүлделі ІІІ орын Салабат Жасмин, пән мұғалімі Көпберген Нұргүл, КИО қашықтықтан олимпиадасынан І дәрежелі диплом Сәпиева Асылай“Оқуға құштар ұлт”  марафоннан Әділханов Қазыбек ІІІ дәрежелі диплом “Медиа Білім”  Құрмет грамотасы Пән мұғалімі  Күнтуарова Гүлмира иеленді. «Samruk KIDS» орталығының ұйымдастыруымен  «Қазақ әдебиеті» пәнінен қалалық байқау жүлделі ІІ орын   Рахматулла Наргиз, пән мұғалімі Есқалиева Анель, ақиық ақын М.Мақатаевты еске алу мақсатында «Есіңе мені алғайсың» атты қалалық байқау жүлделі І орын Ділмағамбет Гүлсая, пән мұғалімі Есқалиева Анель,

ақиық ақын М.Мақатаевты еске алу мақсатында «Есіңе мені алғайсың» атты қалалық байқау жүлделі ІІІ орын Жұбанов Абылай, пән мұғалімі Таширова Сәния, «Samruk KIDS» орталығының ұйымдастыруымен  «Қазақ әдебиеті» пәнінен қалалық байқауында қатысқаны үшін Талапбек Айымжан, пән мұғалімі Таширова Сәния, «Яссауитану» байқауының қалалық кезеңінен Мусаева Аида 2 орын, жетекшісі Шахиева Салтанат, «Яссауитану» байқауының қалалық кезеңінен Әділхан Алау  3 орын, жетекшісі Матжанова Айжамал, қалалық Тыныштықбаева Жанель қалалық орыс тілі бойынша олимпиадада  I орын алды.

Сонымен бірге облыстық байқауларда да бой көрсеткен мектеп оқушылар жүлдесіз қайтқан емес. «Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде этномәдениеттану бағыты бойынша 10 сынып оқушысы Мұсаева Аида Алғыс, жетекшісі Айжарықова Асия, тарих бағыты бойынша 10 сынып оқушысы Түсіпбек Азамат Сертификат иеленді, жетекшісі Алдешова Жайдарман. Облыстық “Педагогикалық идеялар панорамасы” атты байқауда информатика пәні мұғалімі Манабекова Айман Диплом иеленді. Қалалық олимпиадада құқық  пәнінен 11 сынып оқушысы Балабай Бауыржан 1 орын, пән мұғалімі Матжанова Айжамал, биология пәнінен 11 сынып оқушысы Аманжолова Нұрару 2 орын, пән мұғалімі Шағаева Роза, орыс тілі  мен әдебиеті пәні бойынша 10 сынып оқушысы Серік Ақманат 3 орын,  пән мұғалімі Балтабаева Бақыт, орыс тілі  мен әдебиеті пәні бойынша 11 сынып оқушысы Тыныштықбаева Жанель 3 орын, пән мұғалімі Адилова Зауре, ағылшын тілінен 9 сынып оқушысы Боранбаева Аяжан 3 орын, пән мұғалімі Өтегенова Гүлмира, химия пәнінен 9 сынып оқушысы Орманова Жұлдыз 3 орын, пән мұғалімі Байтасова Айгүл, физика пәнінен 11 сынып оқушысы Әбдірасулеев Әсет 3 орын, пән мұғалімі Бұхарбаева Аякөз, математика пәні бойынша 9 сынып оқушысы Пәуен Асылзат Алғыс, пән мұғалімі Боданова Айжан, математика пәні бойынша 10 сынып оқушысы Жеткерген Жандаулет, Алғыс  пән мұғалімі Алпысбай Сабыржан, тарих пәнінен 11 сынып оқушысы Әмірбай Әлімжан Алғыс, пән мұғалімі  Матжанова Айжамал, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11 сынып Жолдыбай Мәдина Алғыс, пән мұғалімі Көпберген Нұргүл, ғылыми жоба “Зерде” республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде физика пәні секциясы бойынша 7 сынып оқушысы Бақыш Анель 2 орын, жетекшісі Бұхарбаева Аякөз, тарих пәні секциясы бойынша 6 сынып оқушысы Жақыпбек Нұрали 3 орын, жетекшісі Сатаева Набат, биология секциясы бойынша 4 сынып оқушысы Нұрланқызы Меруерт 3 орын, жетекшісі Егізбаева Лаура, өлкетану секциясы бойынша 4 сынып оқушысы Самат Інжу 3 орын, жетекшісі Қожахметова Қарлығаш алды.

Мектеп ұжымының еңбегі қалалық білім бөлімі тарапынан да ескерусіз қалған емсе. Қалалық дәстүрлі Тамыз кеңесі конференциясында мазмұнды баяндамасы үшін мектеп директорының орынбасары Жүнісова Динаға, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Рахметова Айсұлуға  Алғыс хат табысталды. Сондай-ақ «Алтын белгі» иегерлерінің бастауыш сынып мұғалімі Егізбаева Лаура “Біркөлік” шипажайына жолдама алды.

        Оқушылардың шығармашылығын шыңдауға №257 мектеп ұжымы басымдық берген. Баланың талантын тани білген ұстаздары оларды түрлі байқауға қатыстырады. Онысы нәтижесіз емес. Мәселен, ұстазы Сәрсембай Айгерімнің жетекшілігімен  «Қазақстан балалары шексіз әлемде!»  балалар киносы республикалық фестивалінің қалалық кезеңінде «Киножаурнал» номинациясы бойынша 7 сынып оқушысы Манас Гүлім 2 орынды жеңіп алды. Бұдан бөлек Т.Есетовтың 100 жылдығына орай «Адал ұл ер боп туса – ел тірегі»  атты қалалық бейнероликтер байқауында «Киножурнал» номинациясы бойынша Өтеген Гүлвираның жетекшілігімен 7 сынып оқушысы Манас Гүлімде 2 орын иемденген. Сондай-ақ, қала мектептері арасындағы 8-9 сынып оқушылары арасындағы М.Өтемісұлының 220 жылдығына орай «Тарих.Тұлға.Тағдыр» тақырыбындағы аймақтық пікірсайыс турнирінде Матжанова Айжамал жетекшілік ететін оқушылар Баядилова Гүлсезім, Дүйсенова Шұғыла 3 орын иеленген. «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеяларыеың республикалық байқауының қалалық кезеңінде «Ауылшаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы бойынша Жұбанов Абылайға ұстасы Рахметов Абзал жетекшілік етіп, 3 орынды қанжығаға байлаған. Қалалық 13-17 жас арасындағы «Мой Казахстан, тебя  воспеть хочу я»  атты орыс тілінде мәнерлеп оқу байқауында 9 сынып оқушысы  Асқаров Асылжан 2 орын, жетекшісі Имешова Гүлмира иеленсе, республикалық  техникалық шығармашылық және өнертапқыштар жарысының қалалық кезеңінде абзал Рахметовтің жетекшілігімен Серікұлы Сырым 1 орын, Темірбек Азат 2 орынды иеленді. Ал қалалық «Ұлт тарихы және Ұлы Абай атты ғылыми-конференцияда Искакова Эльмира Алғыс хатпен марапатталды.

Міне, осындай үлкен жетістікті арқалап келген мектептің әлі де жетер жетістігі,алар асуы, бағындырар белесі әлі алда. 

А. Әлім

Тағы да оқыңыз: