Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Scaffolding-Тәжірибеге бағытталған тәсілдер-кәсіби құзіретті маман даярлаудың негізі» тақырыбында ағылшын тілінің оқытушыларына арналған облыстық семинар өтті.

Семинарға «Шетел тілі» бөлімінің оқытушысы, Қызылорда облысы ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының вице-президенті Л.Драхметова, «Шетел тілі» бөлімінің оқытушысы, білім магистрі Р.Жолаушиева, Қызылорда облысы бойынша аймақтық TOEFL (ТОЕФЛ) орталығының жетекшісі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің халықаралық қатынастар бөлімінің топ жетекшісі, Қызылорда облысы ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының президенті Т.Кеншінбай, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалының аға менеджері, тренер Е.Оспанов, Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы А.Баймағанбетова, №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі Б.Беккулиева, А.Түгелбаева және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Шетел тілі» бөлімінің оқытушылары және 3, 4-курс білім алушылары қатысты.

Сондай-ақ, сала маманы ретінде қатысқан орталықтың ағылшын тілі оқытушысы Б.Байділдаева аударма саласындағы жаңа мүмкіндіктер мен мәселелер туралы ақпаратпен бөлісті.

Семинар барысында өз тәжірибелерімен бөліскен мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, семинар соңы өзара қызу пікірталасқа ұласты.

Тағы да оқыңыз: