Kyzylorda-news.kz Бүгін «Қараөзек ауылдық клубы» МКҚК-ның және №39 Қызылөзек орта мектебінің ұйымдастыруымен қазақ әдебитетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің классигі» атты әдеби-танымдық шарасы өткізілді.
Шарада Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға тақырыптық дәріс оқылды.
Балалар әдебиетін алып бәйтерек десек, оған нәр беріп, құнарландырып тұратын жазушылардыі бірегейі Бердікбек Соқпақбаев деуге негіз бар. «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді» шығармалары – жазушының шоқтығы биік туындылары саналады. Бұл шығармаларда жазушы өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттейді. «Балалық шаққа саяхат» повесінде жазушы анасының ұзақ ауырып қайтыс болғанын, сәби інісі Тұрдыбектің тоқтаусыз жылап қалғанын жазған. Жұпыны үй ішінде бір үзім нанға зәру күн кешкен қиын тағдыры бейнелеген.
Оқушыларға мұндай шара өткізудің берері мол. Олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымының толысуына үлкен рухани азық болмақ.