Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің “Құқықтану” білім беру бағдарламаларының студенттері Мұрат Әлішер, Тынымбай Шыңғысхан "Қылмыстық сот өндірісіндегі тараптардың теңдігі және сайысушылығы қағидатын сотқа дейін жүзеге асырудың өзекті мәселелері" тақырыбындағы халықаралық студенттердің ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференцияны Қырғызстан Республикасы Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің Құқықтану институтының “Қылмыстық іс жүргізу және сот сараптамасы” кафедрасы ұйымдастырған.
Онда білім алушылар Қазақстан Республикасының қылмыстық сотқа дейінгі өндіріс кезіндегі өзекті мәселелері жөнінде баяндама жасады. Конференция қорытындысы бойынша 3 курс студенті Мұрат Әлішер III орынмен марапатталды.
− Бұл мен үшін үлкен тәжірибе алаңы болды. Себебі, өзге елдің заңы, тәртібін біле отырып, өзіме керегін алдым. Сондай-ақ, бұл жеңіс менің ғана емес, маған қолдау білдірген оқу ордамның, мені білім нәрімен сусындатып, мамандығымның қыр-сырын үйретіп, өмірге бағыттаған ұстаздар мен жетекшімнің арқасы. Өте қуаныштымын, алдағы уақытта да жоғары көрсеткіштерді көрсететін боламын, − деді ол.