Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Каримова Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің ректоры Догдурбек Чонтоевпен кездесіп, қос дипломды магистрлік бағдарламаны іске асыру мәселелерін талқылады.
2025-2026 оқу жылынан бастап "Педагогика және психология" бағыты бойынша қос диплом бағдарламасы басталды. Бұл бағдарламаның бірегейлігі-студенттер "Педагогика және психология" бағдарламасы бойынша Қорқыт ата университетінен және Жүсіп Баласағын атындағы ҚҰУ "Психология" бағдарламасы бойынша қос дипломға қол жеткізеді.
Сонымен қатар, Ж.Баласағын атындағы ҚҰУ Ыстықкөлде 2025 жылдың жазында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен жазғы мектеп ұйымдастырды. Аталған шараға Ресей, Қазақстан және Қырғызстанның ЖОО студенттері қатысты. Ректор Бейбіткүл Каримова өткен семестрде Қорқыт ата университетінде білім алған қырғыз студенттерімен кездесіп, пікір алмасты.
Сондай-ақ, "Манас" Қырғыз-Түрік университетіне сапары аясында университеттің құрылғанына 30 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шараларға қатысқан Басқарма төрағасы – Ректор екі университет арасындағы академиялық ұтқырлық пен ғылыми серіктестікті жоғары бағалады. Қазіргі таңда Қорқыт ата университетінің студенттері "Орхун" бағдарламасы аясында "Манас" университетінде білім алуда.
Айта кетейік, Ж.Баласағын атындағы ҚҰУ алғаш рет QS WUR 2025 әлемдік рейтингісіне енсе (1201–1400 орын), "Манас" Қырғыз-Түрік университеті осы рейтингте 951–1000 орын позициясымын орын алып отыр.