Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп гимназиясында «Құзіреттілікке бағытталған білім беру - жаратылыстану бағытында» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинарға Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұрқанат Ақылбайұлы арнайы қатысып, ұстаздарға сәттілік тіледі.
«Құзіреттілікке бағытталған білім беру - жаратылыстану бағытында» семинары мақсаты жаратылыстану пәндерін оқытуда жаңа әдіс тәсілдерді қолданып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Химия пәнінен Гүлжан Тоқтарқызы «Қышқылдардың құрылысы» атты, биология пәнінен Жадыра Таңатарова «Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері» тақырыбында және география пәнінен Жанділдаева Кенже «Елдерді саяси-географиялық аудандастыру» тақырыптарында ашық сабақтар көрсетті. Семинар соңында география пәні мұғалімі Венера Сарманкулова география пәнінен «ҰБТ-ға дайындаудағы тиімді әдіс тәсілдер» атты шеберлік сағатын өткізді.
Семинарға арнайы келген қонақтар тал егу акциясы аясында мектеп ауласына көшеттер отырғызып, «Семинар маңызды әрі мәнді өтті. Қатысушылар ретінде өздерімізге қажетті дүниелерді алып қайттық», - деген пікірін білдірді.
