Kyzylorda-news.kz. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық – бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Осы орайда,Сырдария ауданындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейде 8-11 сынып оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша жиналыс болып өтті.

Жиналысқа ауыл әкімі Талғат Құламқадіров, Юневалды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Тұрсынбек Медет, ауыл учаскелік полициясы Қайрат Адай. мектеп ұжымы, жалпы ата-аналар қатысты. Мектеп педагог-психологы Қ.Сарсеналиева мен әлеуметтік педагог А.Ержанова ата-ана мен бала арасындағы байланысы, қарым-қатынасы, баланы шектемеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Юневалды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Ерлан Бекмағанбетов оқушыларға кәмелетке толмаған балалардың жасаған қылмыстары, құқық бұзықшылықтары туралы айтып, осындай іс-әрекеттердің алдын алу үшін оқушыларға ескертіп, сақтандырды. Бұл жиналыстың басты мақсаты кәмелетке толмаған балалар құқық бұзушылықтың, зиянды іс-әрекеттердің алдын алу, ата-аналарға дұрыс бағыт-бағдар беру туралы болды

Жиналыс барысында бала тәрбиесі, құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, нашақорлықтың, суицидтың алдын алу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ролі мәселелері қозғалып, кәмелетке толмағандар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында ұсыныстар берілді.

Тағы да оқыңыз: