Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов Мәскеу авиациялық институтының оқу жұмысы жөніндегі проректоры Дмитрий Козорез және Байқоңыр қаласындағы «Восход» филиалы директорының міндетін атқарушы Нұржан Набатовпен кездесті.
Кездесу барысында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және аталған бағдарлама бойынша білім алушыларды қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Тараптар білім беру бағдарламаларын өзара үйлестіру, оқу үдерісін ұйымдастыру және талапкерлерге кәсіби бағдар беру бағыттары бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ студенттерді қабылдау мен алдағы бірлескен жұмыстардың негізгі бағыттары қарастырылды.
Кездесуге университеттің Басқарма мүшелері – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Наргүл Сақтағанова және Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Шерхан Бітімбай қатысты.
