Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры Рахат Құрманбаев «Максим Танк атындағы Белорусь мемлекеттік педагогикалық университетінің» «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында дәрістер оқуда.

Ғалым «Табиғаттанушылық білім беру» мамандығының студенттері мен магистранттарына «Жаһандық экологиялық проблемалар: өткені, қазіргісі және болашағы (Арал теңізінің экологиялық апаты мысалында)» тақырыбында дәріс оқып, экологиялық мәселелерді шешудегі ғылыми көзқарастармен бөлісуде.

Сапар барысында оқу ісі жөніндегі проректор Вероника Радыгина және «Жаратылыстану» факультетінің деканы Галина Скриган екі университет арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында бірлескен іс-шаралар мен жобаларды талқылады.

Келесі оқу жылында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Биология» білім беру бағдарламасының магистранттары үшін Белорусь мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұл – халықаралық әріптестікті дамытуға және жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Тағы да оқыңыз: