Kyzylorda-news.kz Ұлттық Ассамблея мүшесі, Генерал Хон Бом До ескерткіш қоғамының президенті Пак Хонгын бастаған делегацияны Қорқыт ата атындағы университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова жылы ілтипатпен қарсы алды. 

Шығыс Азиядан келген мәртебелі меймандарға білім ордасының басшысы оқу орнының бай тарихы мен толымды табыстарын таныстырып өтті. Делегация өкілдері университеттің сирек кездесетін кітаптар қоры мен ғылыми жетістіктеріне ерекше таңданыс білдірді. Әсіресе 18 ғасырда көне корей тілінде жазылған көптомдық жинақтың мән-маңызына айырықша тоқталды. 

Сапардың негізгі мақсаты - корё-сарам қауымдастығымен бірге «Тәуелсіздік армиясы: Аяқталмаған соғыс» атты деректі фильмнің арнайы көрсетілімін тамашалау. Аталған кинотуындыда Корей түбегіне қоныс тепкен халықтың тәуелсіздік жолындағы күресі және генерал Хон Бом Доның көзсіз ерлігі кеңінен дәріптеледі.  

Тағы да оқыңыз: