Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қырғыз Республикасындағы Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеттен келген 4 докторант ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама барысында докторанттар университетте дәріс оқып жүрген Оңтүстік Кореялық профессордың Python бағдарламалау тілі бойынша заманауи, практикалық бағыттағы сабақтарына қатысып, IT саласындағы озық халықаралық тәжірибемен танысуда.
Сонымен қатар, қырғызстандық жас ғалымдар университеттің профессор-оқытушылар құрамымен ғылыми пікір алмасып, зерттеу бағыттарын талқылап, болашақ бірлескен жобалардың негізін қалады. Академиялық ортадағы ашық диалог пен кәсіби ынтымақтастық халықаралық ғылым интеграциясының нақты көрінісіне айналды.
Қонақтар университеттің ғылыми әлеуетіне, заманауи инфрақұрылымына және білім беру сапасына жоғары баға беріп, осындай тәжірибе алмасулар Орталық Азия мен халықаралық академиялық кеңістікті байланыстыратын маңызды көпір екенін атап өтті.
