Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері 13-28 сәуір аралығында Арал, Қазалы, Байқоңыр, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандарында мектеп бітіруші түлектермен кездесті.

Кездесулердің негізгі мақсаты – талапкерлерге дұрыс мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру және жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат ұсыну. Кәсіби бағдар беру жұмыстары барысында университеттің білім беру бағдарламалары, қос диплом мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, сондай-ақ білім алушыларға қарастырылған жеңілдіктер мен мемлекеттік гранттар туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Сонымен қатар, талапкерлерге университеттің Жасанды интеллект институты, IT бағытындағы заманауи мамандықтар және өзге де сұранысқа ие білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу талаптары түсіндірілді.

Аталған іс-шаралар талапкерлердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және сапалы білім алуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Сондықтан болашаққа қадам басар кезде талапкердің де, ата-ананың да «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал.

Тағы да оқыңыз: