Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Отандастар қоры ұйымдастырған көрмеге қатысты.  Білім көрмесі алғаш рет Монғолияның Баян-Өлгей аймағында өтті.

«Көрмеде оқу орнының артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, қос дипломды білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық, оқу жүйесі туралы мәліметтер берілді. Басты мақсатымыз – шетелдік азаматтарды, оның ішінде Моңғолия жастарын университетте білім алуға ынталандыру», -деді Рекрутинг және мансап бөлімінің басшысы Асхат Мырзабай.

«Моңғолиядағы Қазақстандық білім күндері» көрмесіне жиырмаға жуық қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, 1500-ден астам мектеп бітіруші түлектеріне ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тағы да оқыңыз: