Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Құжатқа университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Наурызбай Байқадамов пен қордың өңірлік филиалының директоры Айдос Жылкайдаров қол қойды.

Меморандумның мақсаты – білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет салаларындағы әріптестікті дамыту, сондай-ақ ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту.

Келісім аясында тараптар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, кәсіпкерлік бағытындағы білім мен дағдыларды жетілдіру, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және өндіріс пен білім беру арасындағы байланысты күшейту бағытында бірлесіп жұмыс жүргізеді.

коркыт даму.jpeg

Салтанатты рәсімге Экономика және құқық институтының «Қаржы, есеп және аудит» білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Бұл бастама жастардың кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға, білікті мамандар даярлауға және өңір экономикасының тұрақты дамуына серпін бермек. Сонымен қатар, білім мен бизнестің өзара ықпалдастығын арттырып, студенттердің тәжірибелік мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Тағы да оқыңыз: