Kyzylorda-news.kz. Биыл өңіріміздегі үздік жоғары оқу орны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне 85 жыл. Мерейлі мерейтой аясы 2-3 желтоқсан күндері ауқымды іс-шаралармен жалғасып, қорытынды кешпен аяқталмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректор Бейбіткүл Кәрімова хабарлады. 

«Жақында, яғни 3 желтоқсанда, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құрылғанына 85 жыл толуын салтанатты түрде атап өтпекпіз. Биыл мерейтой аясында түрлі бағыттағы форумдар, кездесулер, ғылыми конференциялар және тағы да басқа іс-шаралар ұйымдастырылды.  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Сыр өңірінде жоғары білім мен ғылымның, мәдениетінің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосты. Университет ауқымды 4 бағытта жұмыс істейді. Олар – білім беру, ғылым және инновацияны нығайту, әлеуметтік-мәдени бағытты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. Жоғарғы оқу орны еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша білім беруді басты назарда ұстайды. Университетте 115 білім беру бағдарламасы бар. Оның ішінде бакалавриат бойынша – 66, магистратура бойынша – 36, докторантура бойынша – 13 бағдарлама арқылы мамандар даярланады. Сондай-ақ, 5 жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді», – деді ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы.   

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін таңдаушылардың қатары жыл сайын артып келеді. 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда биыл білім алушылар саны 70 пайызға артып, 9014 адамды құрады.

Бүгінде білім ордасында 5 институт, 24 кафедра, 5 ғылыми орталық қызмет етеді. Профессор-оқытушылар құрамы 560 адамды құрайды. Оның ішінде 22 ғылым докторы, 176 ғылым кандидаты, 37 философия докторы (PhD) бар.

3 желтоқсан күні университеттің 85 жылдығы қарсаңында өтетін салтанатты жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, жоғарғы оқу орындарының басшылары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысады деп жоспарлануда. 

Атап айту керек, білім ордасының мерейтойы аясында І Түлектер форумы, «Ардагерлерді ардақтайық» атты І облыстық форум, «Мамандығым – болашағым» атты І облыстық форум, «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» атты III халықаралық «Тайманов оқулары» өтті. 

«Мерейтойға орай «Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті: дамудың жаңа кезеңінде» және «Қалдырған ізің мәңгілік...» кітаптары жарық көреді. Сондай-ақ, «Университет ақпарат айдынында», «Біздің түлектер» кітаптары электронды түрде жарияланбақ. 2 желтоқсан күні ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Күлбарам Сәдуақасқызы атындағы химиялық білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы,  екі мәрте Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, биология ғылымдарының докторы, профессор Саданов Аманкелді Құрбанұлы атындағы микробиологиялық ғылыми зерттеу орталығы ашылады», - дейді Бейбіткүл Кәрімова. 

3 желтоқсан күні №5 оқу ғимаратында  «Жоғары білімге қол жетімділікті кеңейту: болашағы мен мүмкіндіктері» форсайт-сессиясы, «Өңірлік университеттер – 2032: адами капитал және ғылым» форсайт-сессиясы өтеді. Ал, сол күні Студенттер сарайында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық руханияттың ұлы ордасы» атты салтанатты жиын өтеді. 
 

317090644_1677486285980210_4841005908236248415_n.jpg

Тағы да оқыңыз: