Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығы 1-курс білім алушыларымен “Буллинг және оның қатысушылары: Агрессор, Құрбан және Бақылаушы” тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қазіргі қоғамда жастар арасында жиі кездесетін психологиялық, физикалық және әлеуметтік қысымның алдын алу, сонымен қатар студенттерге буллингтің түрлері мен оның салдары туралы түсінік беру болды.

коркыт 2.jpeg

Семинар барысында студенттер өз ойларын ашық айтып, қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді. Сонымен қатар, қатысушылар күнделікті өмірде кездесетін қысым көрсету жағдайларын талқылап, мұндай әрекеттердің психологиялық әсері туралы пікір алмасты.

Психологиялық қолдау орталығының мамандары буллингтің алдын алу жолдары мен өзара сыйластық қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.

Тағы да оқыңыз: