Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында ұйымдастырылған «Жаңа дәуір – жаңа Қазақстан» атты жастар фестивалінің жеңімпаздары анықталды.

Информатика, физика, химия пәндері бойынша 10-11 сынып оқушылары бақ сынаған конкурсқа аудан бойынша 200 талапкер қатысты.

Конкурсқа қатысушылардың барлығы бірінен-бірі өткен талантты жастар болды. Қатарластарының арасында оқ бойы озық тұрғандар жүлдеге ие болды. Атап айтсақ, Жалаңтөс батыр ауылындағы №103 мектептің оқушысы Меруерт Жұмабай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 100 пайыз грантын иеленді. Мектеп оқушысы жоғарғы оқу орнында 4 жыл бойы тегін білім алады. Ал Сарбұлақ ауылынан келген Томирис Кәдірмахан екінші орынды иеленіп, аталған оқу орнының 50 пайыз жеңілдігін еншіледі.

Сонымен қатар, Жамбыл Жабаев атындағы №234 мектептің оқушысы Бақдаулет Өтеміс үшінші орынды иеленді. Мектеп оқушысы университеттің 25 пайыз жеңілдігін қанжығасына байлады. Сонымен қатар білім сайысының жеңімпаздарына аудан кәсіпкерлерінің 150,100,50 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақылары табысталды.

Айта кетейік, кеше Қазалы ауданында ұйымдастырылған  "Жаңа дәуір – жаңа Қазақстан" атты жастар фестивалі ұйымдастырылып, оған ауданы әкімінің орынбасары Даурен Тлеумбетов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің экономика және қаржы факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты Нұрлан Серікұлы мен университет мамандары қатысқан болатын.

335698651_871241554114107_748446040239775827_n.jpg

Тағы да оқыңыз: