Kyzylorda-news.kz. «Үздік концертмейстер – 2023» облыстық байқауында Қорқыт Ата атындағы өнер мектебінің ұстаздары жеңіс тұғырынан көрінді.
Қызылорда облыстық білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеті және облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен 31 мамыр күні қосымша білім беру ұйымдары (өнер мектебі) педагогтары арасында «Үздік концертмейстер - 2023» облыстық байқауы өткізілді.
Байқау 3 кезең бойынша өткізілді. Педагог пианист - концертмейстерлік өнер(өзін таныстыру) Презентация, Шығармашылық шыңы (жеке сабақ барысы), Шыңдалған шеберлік (Еркін тақырыпта кәсіби шеберлікті көрсету). Байқауға облыс өнер мектептерінен (Жаңақорған, Сырдария, Қармақшы, Қазалы аудандары мен Қызылорда қаласы) 6 педагог- концертмейстерлер қатысып, байқау нәтижесінде:
Қазалы ауданының Қорқыт Ата атындағы өнер мектебінің фортепиано класының ұстаздары Дарибаева Айгүл Таласқызы жүлделі ІІ орын және жас маман, фортепиано класының мұғалімі Сәрсенбай Гүлболған Ақболатқызы жүлделі ІІІ орын иеленіп, арнайы дипломдармен және облыстық кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Байқау жеңімпазы атанған Қорқыт Ата атындағы өнер мектебінің қос ұстазын жеңістерімен құттықтаймыз.