Kyzylorda-news.kz Ерекше балаларды қорғау, қоғамға бейімдеу және қолдан келетін мүмкіндіктерді жасау үшін қолайлы жағдай тудыру керек. Сондықтан, оларды бала кезінен бастап, келешек өмірге бейімдеу, өздерін еркін сезіну үшін ыңғайлы орта қалыптастыру – білім беру ұйымдарының, әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеуге бағытталған жаттықтыру орталықтарының міндеті болып табылады.
Осыған орайда жуырда, әдістемелік кабинеттің іс-шаралар жоспары аясында Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы, 25 орта мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда ұлттық құндылықтар негізінде тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіру мақсатында «Ұлттық құндылықтар негізінде инклюзивті білім берудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында әдістемелік семинар-практикум өтті.
Семинар барысында «Ұлттық құндылықтар-ұлт мақтанышы» тақырыбында 25 орта мектептің дефектологы Суханова Мира, «Инклюзивті оқыту: білім баршаға ортақ» мұғаліммен жұмыс аясында 238 орта мектептің дефектологы Исатаева Бакжан, «Ұлттық дәстүрдегі отбасылық құндылықтарды дәріптеу» ата-анамен жұмыс жайында 25 орта мектептің дефектологы Шалабаева Марал тәжірибелерімен бөлісті.
Әр көрсетілген жұмыстан кейін қатысушылар пікір білдіріп, кері байланыс жасалды.