Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданындағы №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасы халыққа 10 жылға жуық үздіксіз сапалы қызмет көрсетіп келеді. Балабақшаның материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталып, педагог мамандар заманауи технологиялар бойынша білім жетілдіру курстарынан ұдайы өтіп тұрады. Соның нәтижесінде, мұндағы қызметкерлер ұлт болашағы – бүлдіршіндерді заман талабына сай тәрбиелеуде елеулі үлес қосып келеді.
Балабақша – 12 топ бойынша баланы қабылдау бөлмесі, ойын бөлмесі, жатын бөлмесі, ыдыс-аяққа арналған бөлме және қол жууға арналған бөлме; меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті, логопед, дефектолог кабинеті, есепші кабинеті, педагог-психолог кабинеті, шаруашылық меңгерушісі кабинеті, музыка залы, денешынықтыру залы, медициналық кабинет және оқшаулау бөлмесімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, асхана (ас дайындау бөлмесі, азық-түлік сақтау бөлмесі, азық-түлік және ет өнімдерін сақтайтын тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмесі), кір жуатын бөлме (кір жуу машиналары орналасқан бөлме, кір үтіктейтін бөлме, төсек жаймаларын жинайтын бөлме), балабақшаны жылытатын кіші бу қазандығы орналасқан бөлмелерді қамтиды.
Қазіргі таңда, бөбекжай-балабақшада 12 топ жұмыс жасап, 280 бала тәрбиеленуде. Балабақшада 69 қызметкер, оның ішінде – 35 педагог кадр және 34 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды.
Балаларды тәрбиелеу, білім беру процесін бағдарламаға сәйкес жүйелі ұйымдастыратын тәрбиешілердің барлығы «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» біліктілігі бойынша жоғары білімді педагогтер.
Сонымен қатар, бүлдіршіндерге патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын, салауатты өмір салтына сай, болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеуде балабақшада дене шынықтыру нұсқаушысы, педагог ұйымдастырушы, педагог-психолог, логопед, дефектолог мамандары, музыка жетекшісі, би жетекшісі жұмыс жасайды.
Балабақшада «Нәтижеге бағытталған білім беру және педагог шығармашылығы» тақырыбында облыстық семинар, «Тәй-тәй технологиясының әдістемелік ерекшеліктері» атты облыстық оқыту семинары өтті. Шараға «Тәй-тәй» Нидерланды Халықаралық Ассоциациясының мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы Д.К.Айджанова, облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г.Б.Дихамбаева қатысты.
Осыдан алты жыл бұрын «Мектепке дейінгі ұйымда инновациялық технологияларды пайдалану негізінде білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында аудандық семинар, 2021 жылы Қызылорда облысы оқу орталығы (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда заманауи технологияларды қолдану» тақырыбында онлайн шығармашылық шеберханасы жоғары деңгейде өтті.
Былтыр Қазалы аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, «Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу мен оқыту үшін баланы жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын әрекет түрлерінде ойын арқылы қалыптастыру» тақырыбында өткізілген семинарға жүзге жуық мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысып, жоғары көрсеткішке ие болды.
Аталған семинарда балабақшаның жобасы аясында «IT балабақша заман талабы» тақырыбындағы Жобаның алғашқы қадамы жасалды. Мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану, цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың сапасын арттыру мақсатында ашылған «Қызықты STEAM» кабинетінде тәрбиеленушілердің робототехникамен ойындары қатысушылардың назарына ұсынылды.
Балабақша осы уақыт аралығында жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
Атап айтқанда, 2015 жыл – Қазалы аудандық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген «Ұлылықты үйлестірген Ұлы тіл» атты облыстық шығармашылық семинарға қатысушылар 22 қыркүйек ҚР Тілдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ақерке» тобы бүлдіршіндерімен өткізілген «Жырым сенсің ана тілім» атты облыстық іс-шараға жоғары баға берді.
Осы жылы Қазалы аудандық «VI Ботақан» балалар байқауы, Диплом мен бірінші орын; Қазалы аудандық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен өткен «Бала бақыты – ана тілінде» атты байқау «Бас жүлде» А.Жолмырзаева; Қазалы аудандық «Үздік мектепке дейінгі ұйым» бірінші орын; облыстық «Үздік мектепке дейінгі ұйым» екінші орын; Қазалы аудандық білім бөлімінің жыл қорытындысымен «Үздік балабақша» бағамы; ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткізілген «Үздік тәрбиеші – 2016» Қазалы аудандық байқауы А.Жолмырзаева Бас жүлде иеленді; «Үздік флипчарт сабақ 2017» облыстық байқауының Қазалы аудандық кезеңінде балабақшаның ағылшын тілі маманы А.Рысмамбетова «Бас жүлде» иеленді.
«Үздік флипчарт сабақ» облыстық байқауында «Үздік флипчарт сабақ» бағамымен және Дипломмен марапатталды; «Үздік балабақша тәрбиешісі – 2017» Г.Уразымбетова бас жүлде; Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай «Тіл жанашыры» бағамымен марапатталды. Облыстық білім басқармасы, облыстық кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен «Жыл таңдауы – 2018» мерекелік шарасында «Білімнің бесігін тербеткен» номинациясымен марапатталды. «Talantty jastar» республикалық өнер және білім байқауына қатысып, хореография бөлімі бойынша Бас жүлде жеңімпазы атанған «Өрнек – 1» би тобы марапатталды. «Talantty jastar» республикалық өнер және білім байқауына қатысып, хореография бөлімі бойынша лауреат атанған «Өрнек – 2 » би тобы бірінші орын иеленді.
«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдығы құрметіне арналған «Мәңгі ел – Қазақстаным!» оқушылар мен жасөспірімдер фестивалінде «Би» жанрында көрсеткен айрықша өнер, дарынды қабілеті және рухани өркендеу жолындағы еңбек үшін. Хореограф А.Утеген жетекшілігімен «Би» жанр бойынша М.Жанәбіл. Музыка жетекшісі М.Шапихова жетекшілігімен «Вокал» жанр бойынша Ж.Көптілеу Тәрбиеші Р.Алғазиева жетекшілігімен «Вокал» жанр бойынша Н.Сатыбай, Педагог ұйымдастырушы М.Танирбергенова жетекшілігімен «Көркем сөз»жанр бойынша Бас жүлде иемденіп, Диплом және медальмен марапатталды. Сонымен бірге, «Dubai World of Peace 2019 Халықаралық Өнер фестиваліне және Ғылыми конференциясына жолдама алды. 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялануына орай және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларды жүзеге асыру мақсатында өткізілген отырған Республикалық «Жас Дарын Art Kazakhstan» «Өрнек» би тобы бірінші орын иеленіп, Дипломмен марапатталды. Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Қазалы аудандық комитетінің төрағасы Ә.Раман Қазалы аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы А.Тамашевтің ұйымдастыруымен «Жастар жылының шамшырағы – жас маман» атты тәрбиешілер арасында өткізілген аудандық байқауда жүлделі бірінші орын иеленді. Сонымен қатар, 2020 жыл – Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында өткізілген «Мектепке дейінгі ұйымның жазғы сауықтыру-шынықтыру кезеңінің үздік іс-шара жоспары» облыстық сырттай байқауында үшінші орын иеленіп, дипломмен марапатталды. 2020 жылы Жастардың белсенділігін арттыру жолында жанашырлық танытып, жыл бойы қолдау көрсеткені үшін «Үздік жастар ұйымы» номинациясымен марапатталды.
Білікті басшы, қабілетті ұйымдастырушы балабақша меңгерушісі Жанат Қуанышқызы ұжымның ауызбіршілігі мен жоғары деңгейде кәсіби жетістіктерге жетуіне өз үлесін қосып келеді.