Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазалы қаласындағы Аграрлы-техникалық колледжінде «Жас автомеханик» колледжішілік сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты – автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығына жастарды қызықтыру, мамандықтағы білім алушылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығында білім алушылар арасында үздіктерді анықтау.

Жастар байқауда «ВАЗ-2109 автокөлігінің қозғалтқышының ақауын табу» және «ВАЗ-2109 автокөлігіне диагностика жасау» атты екі кезең бойынша бақ сынады.

Өздеріне тапсырылған тапсырманы тиянақтып орындап, білім деңгейін сынға салған студенттер жан-жақтылықтарын көрсетуге күш салды. Оқу ордасының қабырғасында үйренген бар тәжірибелерін ортаға салды. Нәтижесінде бірінші курс студенті Ералы Өмірзақ бірінші орын иеленді. Ал екінші курс студенттері Есен Орынбасар мен Зейін Ертуған екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті. 
Жеңімпаз жас механиктер І, ІІ, ІІІ – дәрежелі дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тағы да оқыңыз: