Kyzylorda-news.kz. Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде оқушылар мен педагогтардың экономикалық білімдерін жетілдіру, қаржылық сауаттылығын қалыптастыру мен кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ, бизнес және экономика саласында қабілетті тұлғаларды анықтау мақсатында сайыс өтті. Көрме-сайыс бизнес идеяларды қолдау және ерекше жұмыстарды насихаттау мақсатында білім бөлімінің жоспарына сәйкес аудандық «Өнертапқыштық және шығармашылық жобалар» тақырыбында ұйымдастырылды.

Көлемді жиынның «Рухани құндылықтар – жаңа бастамалар жолы», «Ғылыми техникалық прогресс және математикалық модельдеу», «Экологиялық, психология және денсаулық сақтау», «IT технологиялар жобасы»  атты 4 бағыты бойынша 65 қатысушы жобаларын қорғады.

Олардың жұмысын көруге «Намыс-Құрылыс» ЖШС-нің директоры Өтеулі Әбдімәлік, Қазалы ауданық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Байденесова Ардақ, Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімінің жастар ресурстық орталығының Алпамыс  Азамат, Жеке кәсіпкер Ашрафина Гүлназ арнайы келді. Мамандар сайысқа қатысушылардың еңбегін жоғары бағалады. 

Жиын қорытындысына сәйкес, ГРАН-ПРИ-ді Ерлан Өтепбергенов бастаған Қазалы аудандық Оқушылар үйінің ұжымдық жобасы жеңіп алды. Айтулы жеңісте «Туристік- өлкетану» үйірмесінің жетекшісі- Алишева Жанаркүл мен «Авиамодельдеу» үйірмесінің жетекшісі Алматова Ұлбосынның үлесі басым. Бұдан бөлек барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

Тағы да оқыңыз: