Kyzylorda-news.kz "Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Пушкин оқулары» атты аудандық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты - қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру. Байқауға 16-22 жас аралығындағы қазақ тілінде оқитын мектеп оқушылары қатысты.
Байқау шарты бойынша қатысушылар А.С.Пушкиннің поэзиялық шығармаларынан жатқа үзінді оқу, А.Н.Крыловтың мысал-өлеңдерінен қойылым көрініс көрсетіп, өзара тартысқа түсті.
Талапкерлердің өнерін сарапқа салу үшін арнайы қазылар алқасының құрамында Ұлжан Ахметова - актриса, аудандық білім бөлімінің ардагер ұстазы, Асқарова Алима - №276 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Алмаева Жадыра - Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі әділ бағаларын берді.
Нәтижесінде Бас жүлдені №182 орта мектептің оқушысы – Балауса Болатқызы, бірінші орынды №24 орта мектептің оқушысы – Саяжан Бердібай, екінші орынды №249 мектеп-лицей оқушысы – Нартай Әлия, үшінші орынды №96 орта мектеп оқушысы – Ақжүніс Балдырғанова жеңіп, арнайы Дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталса, қалған өнерпаздарға Алғыс хаттар табысталды.
Туған өңір – тұнған өнер үшінші аймақ бойынша көркемөнерпаздар ұжымдарының аудандық фестивалі жақында Роза Бағланова атындағы Қазалы аудандық мәдениет орталығының жаңа ғимаратында төл мәдениетімізді дәріптеу арқылы ұлылардын ұлы ісін ұлықтау, ұлтымыздың әдет-ғұрпын, туған ел, туған жеріміздің тарихын насихаттау мақсатында биыл екінші рет ұйымдастырылған «Туған өңір – тұнған өнер» фестивалінде үшінші аймақ бойынша Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет үйі, Өркендеу, Бірлік, Шәкен, Абай ауылдық клубтары өнер көрсетті.
Фестивальді Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жолтаев Болат Әбенұлы ашып берді. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі таланттарды анықтау мен өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдарды қолдауда мұндай шаралардың аса қажет екендігін жеткізді.
Фестиваль прологпен басталып, Абай ауылының өнерпаздарының "Қазақ елі" квартетінің орындауы, Бірлік ауылының өнерпазы – Айгерім Қубекованың орындауында "Өмір өткелдері", Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет Үйі жанынан құрылған Шашу тобы "Күрең күз" әнін орындаса, 91 мектептің ұстазы – Айнұр Оразалының орындауында Рүстем Жанаевтың сөзіне жазылған Кемеңгер Өтептің әні "Сағынып кеттім мен сені". Абай ауылдық клубы жанынан құрылған "Әдемі-ай" би тобының "Қазақ биі". Шәкен, Жанкент, Бірлік ауылдарынан құрылған Термешілер блогы, Шәкен ауылдық клубының өнерпазы – Сәуле Күлекбаеваның орындауында "Сырдария" әні, Ғани Мұратбаев ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған Назқоңыр әжелер ансамбілінің орындауында халық әні "Дедім-ай ау", Арнау, Күй айтыс, Өзбек биі, Күзгі әуен Қазалы вальсі өнерлерін халыққа ұсынылды.
Фестивальде салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында, әсем ән де, би де, арнау, театрландырылған көрініс те, вокалдық инструментальды ансамбльдердің әсем әуендері өнер сүйер қауымға рухани демалыс сыйлады.
Айта кетейік, фестиваль жалғасы шілде айында қорытынды концертпен аяқталады.
Жуырда сәуір айының 26-27 жұлдыздарында Қызылорда қаласында өткен облыстық ХХVІ «Бозторғай» конкурсына Қазалы ауданы бойынша қатысып, үздік өнер көрсетті.
Нәтижесінде, Әйтеке би кенттік мәдениет Үйінің ән үйірмесінің мүшелері Мұсағали Әлихан қатысып, Бас жүлде және Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Әбдінағи Ерасыл жүлделі үшінші орын иеленді. Жетекшісі кәсіпорынның музыкалық жетекшісі – Рақымжан Мақсатбаев. Сондай-ақ, би жанры бойынша "Айла" би тобы жүлделі екінші орын ("Аделя" өнер мектебі), халықтық орындау жанры бойынша Жеткербай Мирас үшінші орын иеленді. Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйінің ән үйірмесінің (жетекшісі Жібекәлі Б.) мүшесі Болатбек Ақбаян қатысып жүлделі үшінші орын иеленді. Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінің шәкірттері Торғай Сұлтан жүлделі екінші орын (кіші топ) және Жетес Нұрдәулет жүлделі екінші орын (орта топ) иеленді. Ақсуат ауылдық клубына қарасты Байқожа ауылдық №258 мектеп оқушысы (жетекшісі Қалабаева Гүльфариза) Алдабергенқызы Эльвира қатысып жұлделі үшінші орын иемденді. Қазалы қалалық мәдениет үйінің ән үйірмесінің мүшесі (жетекшісі Бақыткелді Нәдиров) Қылышбай Ақерке қатысып, жүлделі үшінші орын иемденді. Басықара ауылдық клубының ән үйірмесінің мүшесі (жетекшісі Ағыбаева Индира) Құдайберен Раяна қатысып, жүлделі екінші орын иемденді. Барлық өнерпаз және жетекшілеріне шығармашылық табыс, алдағы уақытта үлкен жетістікке жете берерді деген сенім артылуда.