Kyzylorda-news.kz.  Қазалы ауданындағы кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен 2024 жылғы «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясынада көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаеватың «Менің атым Қожа» атты шығармасынан оқырмандар конференциясы болып өтті. 
Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтап, жастарды өнегелілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада қанша заман өтсе де, құнын жоймайтын, халықпен бірге мәңгі жасайтын шығармалар болады десек, соның бірі – бізге бала күннен таныс, қанша оқысаң да, жалықтырмайтын шығарма, қанша көрсең де, жалықтырмайтын фильм – «Менің атым Қожа» повесі бойынша өткізілді.
Шараға, Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 мектептің 5 сынып оқушылары мен аталған білім ордасының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Телеуованың қатысып, шығарма желісі қызу талқыланды.
Шығарманы талқыламас бұрын жазушының өмірдерегіне, шығармашылығына кітапханашы шолу жасап, бейнеролик көрсетті. Жазушының шығармашылығына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылып, ары қарай Қожа бейнесінің отбасындағы, мектептегі тәртібі мен тәрбиесі, жалпы, аталмыш повестің бала тәрбиесіндегі рөлі туралы өрбіді. Қатысушы оқырмандарға сауалдар қойылып, балалар жауап бере отырды. Шығармадағы оқиғалардан өздерінің түйген ойларымен бөлісті. Кітапты талдауда өз ойларын толық жеткізіп, талдау жасаған оқушылар “Ең үздік кітап оқу лидері”, “Ең үздік оқырман”, “Ең үздік пікір білдіруші”, “Ең үздік сарапшы” номинациялары бойынша марапатталды.

Тағы да оқыңыз: