Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет Қазалы ауданындағы іссапары аясында көшпелі кеңейтілген мәжіліс отырысын өткізді. Жиынға білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлнар Есқалиева, білім басқармасы мен білім бөлімдерінің мамандары және аудандағы білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Мәжіліс отырысында білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының жалпы көрсеткіштері мен атқарылған жұмыстардың нәтижесі қаралды. Сонымен қатар мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие жұмысы мен алда атқарылуы қажетті шаралар, әлеуметтік желілермен жұмыс жайы талқыланды.
Жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов жыл көлемінде атқарылған жұмыстар шеңберінде баяндама жасап, алдағы міндеттерге қатысты есеп берді. Мұнан соң облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Дәулеталиев аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының жалпы көрсеткіштері туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, жиынға арнайы қатысқан Ғалия Ноғайқызы мен Гүлнар Бабабекқызы білім саласы қызметкерлерінің құқықтары мен әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша мәлімдеме жасады.
Келелі кеңесте басқарма басшысы алда тұрған бірқатар басым мәселелерді атап өтті. Ең алдымен, мемлекеттік балабақшалардағы бос орындарды толықтыруды айтып, ондағы тәрбиешілердің біліктілігін үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін, мектептерде кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстарды жандандырып, бос жұмыс орындарына педагогтерді конкурс арқылы ғана қабылдау керектігін баса айтты. Сондай-ақ, бос жұмыс орындарына педагогтерді конкурс арқылы ғана қабылдауды, инклюзивті білім беруді дамытып, мектеп асханаларындағы тағамдарды күнделікті мониторинг жасауды тапсырды. Сондай-ақ, инклюзивті білім беруді дамытып, мектеп асханаларындағы тағамдарды күнделікті мониторинг жасауды тапсырды.
