Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы аудандық музыка мектебінде "Сәт-сапар саған,жас түлек!" атты соңғы қоңырау салтанатты шарасы өтті. Шараға мектеп ұстаздары,ардагер ұстаздар және ата-аналар қатысты. Шараны ашқан мектеп басшысы Сәукен Әлмамбетұлы биылғы оқу жылының айтулы жетістіктеріне тоқталып өтіп,бітіруші түлектерге ақ жол тілеп,мектеп бітіру куәлігін табыстады. Әрі қарай сөз алған мектептің ұзақ жылдар қызмет жасаған ардагер ұстаздарз Жүсіп Ерпазыл ағай мен Қамшыбек Бақыт апай түлектерге жүрек жарды тілеген арнап, куәлік беру рәсімін жалғастырды.
Өнерлі түлектер жырдан шашу шашып, шәкірттеріміздің «Соңғы қоңырау» хорымен шара қортындыланды. Айта кетейік, биыл музыка мектебін 94 оқушы 10 мамандық бойынша бітіріп отыр.
«Бұл мектебіміздің 59 жыл тарихында бітіруші түлектердің ең жоғары көрсеткіші. Бітіруші түлектер домбыра, баян, фортепиано, прима қобыз, флейта, вокал, терме, қыл қобыз, гитара, скрипка, хореография мамандықтары бойынша мектеп бітіру куәлігін алды. Барлығы да болашақтарынан зор үміт күтірер өрендер. Келешекте Қазақстанның атын шығаратын өнер майталмандары боларына біз сенеміз. Жарқын келешек тілеймін», – деді мектеп басшысы Сәукен Әлмамбетұлы.