Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2024 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстары жетерлік. Қазіргі таңда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет орталығы, 26 кітапхана және Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 6 мәдениет үйі мен 17 клуб барлығы 50 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Өткен жылы мәдениет саласы бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту бағытына бюджеттен – 47737,7 мың теңге бөлінді. Атап айтқанда, мәдениет орталығына «Газель» автокөлігі, компютер жиынтығы және жарықтандыру аппараты, 2-і ауылдық мәдениет үйіне дыбыс күшейткіш аппаратурасы, ұлттық аспаптары, 3 ауылдық клубқа сахналық және өнерпаз киімдері, өрт сөндіру құралдары алынды.

Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығына 2 дана ноутбук және компьютер жиынтықтары, Газель автокөлігі, сахналық киім, жарықтандыру аппараты, Қазалы қалалық мәдениет үйіне дыбыс күшейіткіш аппаратурасы, Тасарық ауылдық клубына сахналық киім және өрт сөндіру құрылғылары, Кәукей ауылдық клубына концерттік және жүргізушілер киімі, Шәкен ауылдық клубына дыбыс күшейткіш аппараты, баян, 2 дана домбыра аспабы, Басықара ауылдық клубына театр креслосын қаптау, Бозкөл ауылдық мәдениет Үйіне 2 дана қобыз және домбыра аспаптары, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйіне жарықтандыру құралдары алынды.

Биыл Роза Бағланова атындағы Қазалы аудандық мәдениет орталығына бюджеттен бөлінген қомақты қаржыға ЛЭД экран алынды.

Мәдени шаралар: 2024 жылдың қоғамдық-саяси маңызы бар іс-шаралар жоспары бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес, жыл көлемінде ағымдағы жылы Әйтеке бидің 380 жылдығы, Ұлы қолбасшысы, батыр Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 250 жылдығы, жырау Әмитжан Бөріқұлақовтың 100 жылдығы, қоғам қайраткері Елеу Көшербаевтың 95 жылдығы, көрнекті қаламгер, публицист жазушы  Әлмәмбет Әліштің 85 жылдығын, драматург, ақын  Рүстем Жанаевтың 80 жылдығы, әнші Мәдина Ералиеваның 70 жылдығы, жергілікті сазгер Батырхан Нұрымбетовтің 60 жылдығы, режиссер, сахнагер, қылқалам шебері Жәдігер Тұрсыновтың 85 жылдығы кең көлемде тойланады.

Жыл басынан бері 284 түрлі деңгейдегі мәдени іс-шара өткізіліп, оған 34706 көрермен қамтылды. Жоспарланған барлық шаралар жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Үйірмелер бойынша ауылдық мәдениет Үйлері мен клубтар жанынан барлығы – 148 үйірме жұмыс жасаса, оларға – 1706 қатысушы тартылған. Оның ішінде: 8-халықтық ұжым, терме, би, ән, домбыра, қобыз, драма, ақындар, әжелер ансамблі, вокалдық аспаптар ансамблі, «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, №1 және №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері, Әжелер ансамблі, «Қазалым – наз әнім» үгіт керуені, қуыршақ балалар театры, «Ақжелең» бишілер, «Сейхун» этно-рок тобы және тағы басқа үйірмелер жұмыс істейді. Ағымдағы жылға үйірме саны 4-ке көбейді. Олар, Әйтеке би кенттік мәдениет үйі жанынан «Жыр-терме» үйірмесі, Тасарық, Ғ.Мұратбаев, Шәкен ауылдарынан әжелер, домбырашылар ансамблі, ВИА үйірмелері ашылды.

Сонымен қатар, халықтық атағы бар Роза Бағланова атындағы Қазалы аудандық мәдениет орталығы жанындағы Ж.Тұрсынов атындағы халық театры, «Қорқыт сазы» фольклорлық ансамблі, «Мырза» атындағы халық оркестрі, «Әуезовтер отбасы», «Мелодия» орыс ұлттық аспаптар ансамблі, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйі жанындағы халық театры, Әйтеке би кенттік клубы жанындағы «Атамұра» ардагерлер халықтық ансамблі және Қазалы қалалық мәдениет Үйі жанындағы Халық театры бекітілген жоспарға сәйкес, Қазалы ауданында ұйымдастырылатын іс-шараларда өнер көрсетіп, халыққа мәдени көпшілік қызмет көрсетіп келеді.

Құрылыс жұмыстары бойынша, Қазалы ауданы бойынша 5 бейімделген (Майдакөл, Тасарық, Лақалы, Бірлік, Шәкен) 1 ғимараты жоқ (Сарбұлақ) клуб ғимараттары орналасқан. Осы жылы Майдакөл ауылына 100 орындық клуб құрылысын бастауға 50,0 миллион теңге бөлінді.

Сонымен қатар, 2023 жылы құрылыс жұмыстары басталған Кәукей ауылындағы 100 орындық ауылдық клубы ғимараты биылғы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Үстіміздегі жылы жаңа мәдениет үйі мен Қазалы ауданы әкімдігі ғимаратын бос тұрған жерге облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Руханият орталығының құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарланып отыр. Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 26 кітапхана халыққа рухани қызмет көрсетеді.

2024 жылға кітапхана саласына кітап сатып алуға бюджеттен – 1108,0 мың теңге бөлінді.

Кітапхана саласы бойынша 2024 жылдың І тоқсанында 257 шара өткізіліп, 134 көрме ұйымдастырылды. Кітап қоры – 573278, оқырман саны – 7800, келуші саны – 68594,  кітаптың берілімі – 134622.

Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты қазіргі таңда Қазалы ауданында мемлекет қорғауына алынған 6 республикалық дәрежедегі, 73 жергілікті санаттағы және 21 алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген, барлығы 100 тарихи-мәдени ескерткіш бар.

2024 жылы 2 ескерткіш анықталып, алдын-ала тізімге енгізілсе, тарихи-мәдени сараптама қорытындысына сәйкес, 18 ескерткіш жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне алынып, 6 ескерткіш тізімнен шығарылды.

2024 жылы аудандық бюджеттен – 1300,6 мың теңге бөлінді. Алдағы уақытта бөлінген қаржыға  алдын-ала тізімге енгізілген тарихи-мәдени ескерткіштерді жергілікті маңызы бар дәрежеге көтеру және 80 пайызы жойылған ескерткіштерді тізімнен шығару мақсатында тарихи-мәдени сараптама жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бойынша «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Қазалы ауданы әкімдігінің 18 наурыз 2024 жылғы №48 қаулысы бекітілді. Биылғы жылға тіл саясатын іске асыру үшін аудандық бюджеттен – 898,0 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес, 560,0 мың теңгеге Жеке кәсіпкер «Orda» жеңіп алып, оған 1 облыстық 2 аудандық және 1 фестиваль өткізу жоспарлануда.

2024 жылдың І-тоқсаны бойынша аудан әкімі аппараты, Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті, ауылдық округтер мен дербес бөлімдерде – 8278  хат мемлекеттік тілде шығысталса, 17639 хат мемлекеттік тілде, 105 хат орыс тілінде кірістелді.

Жаппай сауалнама, сұрау жүргізу арқылы нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкіндігі Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі арқылы ІІ жартыжылдықта сауалнама жүргізіліп нәтижесі жыл аяғына берілетін болады.

Көрнекі ақпарат мәселесі: Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ тіліне деген құрметті қалыптастыру мақсатында осы жылдың 20-наурызында «Таза тіл» тобының жылдық жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N151 Заңының 21-бабына 29 желтоқсан 2021 жылы енгізілген өзгерістерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Көрнекі ақпараттар көп шоғырланған Әйтеке би, Жанқожа батыр, В.Счастнов, Қ.Пірімов көшелері мен базар, вокзал маңындағы дүңгіршектерге кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптарын түсіндіру барысында барлығы алпысқа жуық кәсіпкерлік объектілерді аралап, оларға «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бап талаптары жазылған парақшалар таратылып, әдістемелік көмек көрсетілді. Түсіндірме жұмыстарында 60 нысанның 5 кәсіпкерлік нысан иелеріне қателірін жөндеу жөнінде ұсыныс хат берілді. Нәтижесінде екеуі түзетілді.

Жоғарыда аталған кәсіпкерлік ғимарат иелеріне «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 75-бабының 3-бөлігіне сәйкес, деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзуға байланысты әкімшілік жауапкершілікте болатындықтары ескертілді.

Сондай-ақ, «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің дайындаған және орталық жанындағы ғылыми-әдістемелік кеңеспен мақұлданған «Ас мәзіріңіз қазақша ма?» атты әдістемелік құралы мейрамханаларға, дәмханаларға, асханаларға және тағы басқа тамақтану орындарына түсіндіріліп, таратылып берілді. Және де, Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің фейсбук парақшасында кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Сөзтүзер» айдары ашылып, жұмыстар жүргізілуде.

Тіл саясатына байланысты мәдени шаралар: мәдениет, білім, спорт салаларында мемлекеттік тіл саясатын дамытуға байланысты жыл басынан бері елуге жуық шара өткізілді. «Мемлекеттік тіл – ұлттық сапа негізі», "Туған тілім – мәңгі өнеге айдыны", «Тілім менің тұтастығым, теңдігім», «Тіл – ақылдың өлшемі», «Тіл ұлттың қазынасы», "Ұлттық жаңғырудың тірегі – ана тілі", "Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі", «Ана тілде-ұлттың арман, тілегі», «Тілі басқа – тілегі бір, жүзі басқа – жүрегі бір», «Тіл – ұлттық белгі, халықтың мұрасы», «Тіл татулығы – ұлт татулығы», «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы», «Тіл татулығы – ұлт татулығы», «Өз тілім – елімнің мерейі», «Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі», «Өссе тілім, мен де бірге өсемін», «Тіл – ұлттың болашаққа бастар бағдар туы», «Мұратқа жеткізуші – ана тіл мен ата дәстүр», «Менің Қазақ тіліме әлем сыйған» атты тақырыптарда таным, әдеби-жыр, поэзия сағаттары, танымдық кештер, кітап көрмелері өткізілді.

Барлық білім беру ұйымдарында «Тілім менің ғасырлардан аманат» тақырыбында онлайн ашық сабақтар, «Тіл шебері» үш тілде аудандық онлайн байқауы, «Ахмет рухы – тілдің рухы» тақырыбында тіл мамандары арасында Ахмет Байтұрсынұлының туған тілімізді дамытуға қосқан еңбектеріне арналған слайд-шоу байқауы, «Ұлттың ұлы көсемі» тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн көрме ұйымдастырылса, «Мысалмен айтқан көп ойлар...» тақырыбында 1-4, 5-9 сынып оқушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдерін мәнерлеп оқудан онлайн байқауы, «Тілім барда тірімін мен!» тақырыбында танымал тұлғалардың туған тіліміз туралы айтқан ұлағатты сөздерін үш тілде бейнежазба, «Тіл – тағылым» айдарымен тіл мәртебесі, сөз өнері туралы оқушылар шығармашылығы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 114-тармағын («Тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне бір уақытта табанды қарсы тұрып, мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру») орындау мақсатында 18-наурыз күні Әйтеке би кенттік мәдениет Үйінде «Тілі бөлек – тілегі бір, жүзі бөлек-жүрегі бір!» атты (құқық қорғау, денсаулық, білім, спорт, мәдениет, халыққа қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін өзге ұлт өкілдерімен) дөңгелек үстел өткізілді.

Кәріс ұлтының өкілі Ли Людмила Герасимовна, орыс ұлтының өкілі Наталья Андреевна  мемлекеттік тілге деген құрметтерін, кемсітушіліктер жол жоқ екендігін және де, алдағы уақытта осындай игі шараларды көптеп өткізу қажеттігі туралы ұсыныстарын айтты.

Шара барысында арнайы дайындалған видеоролик көрсетіліп, Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы – Жұбатқан Таңжанов қысқаша хабарлама жасап, этнос өкілдерімен СұхбатTime жүргізді. Барлық қатысушылар Әйтеке би кенттік мәдениет Үйінің өнерпаздарымен бірге «Анамның тілі» әнін орындады.

29-наурыз күні мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында Қазалы өндірістік цехының басшысы Бөлекбаев Руслан Жаңабайұлымен сұхбаттастық. Өндіріс цехынан шығарылып жатқан Қазалының қара сақар сабының құрамы мен елге тиігізіп жатқан шипасы туралы айтып берді.

Сондай-ақ, цехтан сұйық сабын,  қара сабын, кір сабын, соды секілді түрлі өнімдерін шығарылады. Цехтан шығып жатқан тауарлардың арнайы мәлiметтері көрсетiлген тауарлық жапсырмалары (этикеткаларында), таңбаламалары, нұсқаулықтары мемлекеттiк тiлде жазылған. Сабынның құрамы: «алабота және қалақай сақары мен қойдың құйрық майы» деп қазақ тілінде жазылу көрініс тапқан. Қазақстанның түкпір-түкпіріне жеткізіліп отырған бұл өнім арқылы, мемлекеттік тіліміз насихатталып жатқандығының көрінісі. Жақын арада, тек, Қазақстанға ғана емес, сырт мемлекеттерге де, осы өнім арқылы біздің мемлекеттік тіліміз насихаталатын болды. Яғни, брендіміз – қазақ тілінде!

26 сәуірі күні қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мақсатында «Пушкин оқулары» атты аудандық байқауы өткізілді. Байқауға онға жуық талапкерлер қатысып, бақ сынады. Нәтижесінде, бас жүлдені №182 орта мектептің оқушысы Балауса Болатқызы, бірінші орынды №24 орта мектептің оқушысы – Саяжан Бердібай, екінші орынды №249 мектеп-лицей оқушысы Нартай Әлия, үшінші орынды №96 орта мектеп оқушысы Ақжүніс Балдырғанова жеңіп, арнайы Дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталса, қалған өнерпаздарға Алғыс хаттар табысталды.

22-мамыр күні аудандық мәдениет орталығында «Мемлекеттік тілді қызмет тіліне айналдыру» атты семинар кеңес болып өтті. Семинар кеңеске Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, ауылдық округтері жас кәсіпкерлер, жетістікке жеткен табысты кәсіпкерлер қатысып, мемлеттік тілге байланысты заңнама талаптарындағы көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Семинарда, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қазалы аудандық филиалының төрайымы Нұрбибі Әшірдің Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының 21-бабы «Деректемелер мен көрнекі ақпараттар тілі», Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Тасыбаева Раиса Батырхановнаға Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 75-бабына, Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Таңжанов Жұбатқан Асылбекұлына «Тағам атаулары сөздігі», «Ас мәзіріңіз қазақша ма?» атты тақырыптарда хабарламалар жасады. Алдағы уақытта да, кәсіпкерлермен бірлесе отырып, тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Тағы да оқыңыз: