Kyzylorda-news.kz   Қазалыдағы Ү.Түктібаев ауылдық кітапханасы мен клубының ұйымдастыруымен Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы кеңінен түсінік беру және қазіргі уақытта латын әрпін қолдану ең алдымен, заман талабына сай болуға, латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамытудағы ішкі қажеттілік екенін түсіндіріп, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Шара барысында Б.Әбдіразақов атындағы №88 орта мектептің ұстаздары А.Смайыл, Н.Есенбаева, Р.Жаркеевтер сөз сөйлеп, латын әліпбиі туралы: қазақ тілі кириллицадан бас тарту арқылы орыс тілінен тәуелсіздік алады. Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілі жаңарады.

– Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейтуге серпін береді. Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамытуға ықпал етеді. Ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ. Соның ішінде, жоғары білімді немесе шет тілін білетін адамдарға, қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде отырады. Сонда отырып-ақ, өзара латынша жазуды үйрене берсе де болады. Себебі, онда көбісінің аты-жөндері латынша болып келеді. Электрондық пошталары да, солай екеніне тоқталып, өз пікірлерімен ой бөлісті, – дейді Гүлмира Ниетова.

Әліпби реформасының басты мақсаты – мемлекеттік тілді жеке – дара Қазақстан Республикасының Ұлттық рәмізіне айналдыру екені айқын басымдықпен айтылып, бұл тек қана, қазақ тіліне қатысты мәселе емес. Жалпыұлттық мемлекеттік реформа екені кеңінен түсіндірілуі, насихатталуы шарт.

Тағы да оқыңыз: