Kyzylorda-news.kz   Қазалы ауданы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде («Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, және агроөнеркәсіп кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығы (бұдан әрі-қағида) 2009-2024 жылдары аралығында тұрғын үй сатып алу түріндегі бюджеттік несие және көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмек денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, және агроөнеркәсіп кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне ұсынылып келеді.

2009-2024 жылдары аралығында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекке 1417 маманға барлығы – 275391,3 миллион теңге түріндегі әлеуметтік көмек көрсетіліп, игерілді. Оның ішінде, білім – 879 маман, денсаулық сақтау – 484 маман, әлеуметтік қамсыздандыру – 5 маман, мәдениет – 13 маман, спорт – 20, агроөнеркәсіптік кешен – 16 маман бар.

2010-2024 жылдары аралығында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу түріндегі бюджеттік несие – 956 маманға барлығы – 3264936,9 мың теңге әлеуметтік көмек ұсынылып, игерілді. Оның ішінде, білім – 580 маман, денсаулық сақтау – 318 маман, әлеуметтік қамсыздандыру – 5 маман, мәдениет – 17 маман, спорт – 19 маман, агроөнеркәсіптік кешен – 17 маман бар.

2023 жылға республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алу және салуға – 80 маманға 417014,5 миллион теңге қаржы қаралып, 2023 жылдың тамыз айында – 11 маманға, қыркүйек айында – 20 маманға, қазан айында – 35 маманға, қараша айында – 14 маманға және желтоқсан айында – 1 маманға ұсынылып, барлығы – 81 маманға – 417014,5 мың теңге қаржы толығымен игерілді. Оның ішінде, білім – 51 маман, денсаулық сақтау – 20 маман, мәдениет – 1 маман, спорт – 3 маман, агроөнеркәсіптік кешен – 6 маман бар. Бөлінген – 417014,5 миллион, игерілген – 417014,5, бір маманға бөлінген қаржы – 5175,0 мың теңге болды.

Сонымен қатар, 2023 жылға көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекке – 111 маманға – 38295,0 мың теңге қаржы қаралып, (1 маманға – 345 000 мың теңге), 2023 жылдың сәуір айында – 25 маманға, мамыр айында – 25 маманға, маусым айында – 30 маманға және желтоқсан айында – 31 маманға ұсынылып, барлығы – 111 маманға 38295,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді. Оның ішінде, білім – 65 маман, денсаулық сақтау – 39 маман, спорт – 4 маман, агроөнеркәсіптік кешен – 3 маман бар. Бөлінген – 38295,0 миллион, игерілген – 38295,0, бір маманға бөлінген қаржы – 345,0 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар, биылғы жылға (2024 жыл) «Дипломмен ауылға» бағларламасы бойынша республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға – 72 маманға 605 488,0 мың теңге қаржы қаралып, (кент 2500 АЕК – 1 маманға 9 230 000 теңге а/о 2000 АЕК – 1 маманға 7384000 теңге) осы жылдың шілде, тамыз және қыркүйек айларында игерілу жоспарлануда.

Көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекке – 90 маманға 33 228,0 мың теңге қаржы (100 АЕК – 1 маманға 369 200 теңге) қаралып, осы жылдың мамыр айында толығымен игерілді.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады. Көтерме жәрдемақы алған кезде, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өтініш, жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) пен білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi ұсынылады. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде, осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өтiнiш, жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi және неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), кредиттік бюродан есеп сұралады. Сондай-ақ, тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша өтiнiш; жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi; неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); кредиттік бюродан есеп алынады. Осы Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде өтінішке көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен куәландырылған көрсетілген құжаттардың (тиісті ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды қоспағанда) электрондық (сканерленген) көшірмелері қоса тіркеледі.

Фото: dknews.kz

Тағы да оқыңыз: