Kyzylorda-news.kz. Білім беру – аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер әр түрлі ынталы бастамалар түрлендірулерге кеңінен жол ашуда, соның нәтижесінде халықтың білім деңгейі жоғары қарқынмен дамуда. Сол білім берудің ең үлкен шаңырағы мектеп екені айдан анық.
Қазалы ауданына қарасты Ү.Түктібаев ауылындағы Б.Әбдіразақов атындағы №88 орта мектеп «Дәстүр мен ғұрып» бағытында жұмыс жасайды. Жалпы мәліметтер бойынша мектеп 1987 жылы құрылған. Оның сыйымдылығы – 464 орындыққа тақталған. Мектептің алып жатқан көлемі – 3833,4 шаршы метр, оқушы саны – 400, МАД – 36, мұғалімдер саны – 69, оның ішінде, педагог-зерттеуші – 9, педагог-сарапшы – 18, педагог-модератор – 22, оқу кабинеттері – 21, жұмыс реті – 2 ауысымда, медпункт – 1, асханада – 180 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, мультимедиялық кабинет саны – 1, робототехника кабинеті – 1, компьютер саны – 47, ноутбук – 38, интерактивті тақта – 7, толық жабдықталған кабинеттер саны – 3 (биология, химия, физика) бар.
Қазіргі білім берудің басты мақсаты – нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту, шығармашыл тұлғаларды қалыптастыру болып табылады. 2022-2023 оқу жылы бойынша мектеп оқушылары шығармашылық байқауларға, олимпиадаларға, спорттық ойындарға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Осы ретте мектеп оқушылары аудан, облыс, республика көлемінде ұйымдастырылған түрлі байқауларға, олимпиадаларға қатысып, жүлдегер атанды. Оқу жылында ғылым негіздері бойынша 9-11 сыныптар аралығында өткізілген Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі аудандық пәндік олимпиадаға 27 оқушымыз қатысып, 12 оқушымыз жүлделі орындар мен алғыс хаттарға ие болды. Мектебіміз олимпиада қорытындысы бойынша Қазалы ауданы мектептері арасында алғашқы ондық қатарынан көрінді.
Атап айтсам, 9-сынып оқушысы Гүлсая Бағдәулетова математика пәні бойынша жүлделі екінші орын /пән мұғалімі Қалыш Гүлайым/, 10-сынып оқушысы Талғатқызы Айдана Қазақстан тарихы пәні бойынша жүлделі екінші орын /пән мұғалімі Махамбетжанқызы Бегіманасұлу/, 10-сынып оқушысы Әбілмансұр Бақытжан математика пәні бойынша жүлделі үшінші орын /пән мұғалімі Баймбетова Айгүл/, 9-сынып оқушысы Гүлімшат Жаңабекқызы Қазақстан тарихы пәні бойынша жүлделі үшінші орын /пән мұғалімі Бегіманасұлу Махамбетжанқызы/, 11-сынып оқушысы Назым Ағымова Қазақстан тарихы пәні бойынша жүлделі үшінші орын /пән мұғалімі Кужабекова Гуливира/ марапатқа қол жеткізді.
Сонымен бірге, 9-сынып оқушысы Әселия Әбубәкірова биология пәні бойынша жүлделі үшінші орын /пән мұғалімі Тлеумбетова Гүлназия/, 11-сынып оқушысы Төремұратова Айерке биология пәні бойынша жүлделі үшінші орын /пән мұғалімі Тлеумбетова Гүлназия/, 10-сынып оқушысы Инятулла Дінислам география пәні бойынша жүлделі үшінші орын /пән мұғалімі Сейітәли Берік/, 10 сынып оқушысы Алпысбайұлы Ерасыл информатика пәні бойынша жүлделі үшінші орын /пән мұғалімі Ахмет Серік/ және 9-сынып оқушысы Көркем Ізатова қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша /пән мұғалімі Мұханов Айжарық/, 10-сынып оқушысы Қасым Аманжолов орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша /пән мұғалімі Дініслам Гүлнар/, 10-сынып оқушысы Нұргүл Рахманберді құқық пәні бойынша /пән мұғалімі Күнайым Келмағамбетова / «Алғыс хат» иеленді.
Сонымен қатар, биылғы оқу жылында түрлі тақырыптарда өткізілген аудандық ғылыми жобалар байқауында үш оқушымыз екінші орынмен, үш оқушымыз үшінші орынмен, екі оқушымыз «Алғыс хатпен» марапатталды. Жалпы, білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Жарқын болашақ» атты республикалық олимпиаданың Қазалы аудандық кезеңінде Жаңабекқызы Гүлімшат «Сөз шеберлері» бағамы бойынша үшінші орын, Бағдәулетова Гүлсая «Жас қаламгер» және Ертөстік Назгүл «Әнші - бұлбұлдар» бағамдары бойынша «Алғыс хат» жүлдегерлері болды. 2 – 4 сыныптар аралығында өткізілген «Бастау» республикалық математикалық турнирінің аудандық кезеңінде 2-сынып оқушысы Еркеназ Ғабдуллақызы екінші орын иеленді. 12 мамыр күні «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, ұлағатты ұстаз Әзілхан Жақсылықовты еске алу мақсатында өткізілген аймақтық олимпиадада және 18 мамыр күні ҚР білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері Қалнияз Ерболат Бекаралұлын еске алу мақсатында өткізілетін аудандық пәндік олимпиадаға қатысқан мектептің 8-сынып оқушысы – Назым Аманжолова физика пәнінен бірінші орын иегері атанды. «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау» күніне 5 – 8 сыныптар аралығында өткізілетін аймақтық «Әдеби коктейль» байқауында 8-сынып оқушысы – Шакизада Ерасыл «Монолог» оқу бағамы бойынша екінші орын жеңімпазы болды. «Бейбарыс сұлтан – ұлы дала елінің баһадүрі» тақырыбындағы аудандық апталықтың ғылыми жобалар сайысында 10-сынып оқушысы Талғатқызы Гүлбану жүлделі екінші орынмен марапатталды. Қазақтың көрнекті қаламгер ақыны Мағжан Жұмабаевтың – 130 жылдығына орай, ұйымдастырылған аудандық шарада 7-сынып оқушысы – Құрышбекқызы Диана екінші орын және «NURBOOK» баспа бірлестігі ұйымдастырған республикалық «Мен жастарға сенемін» атты байқауда 7 мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері жүлделі бірінші және екінші орындар иегерлері болды. Аудандық «Робототехника» үйірмелерінің арасында өткізілген «Robo-ORDA» фестивалінде 8-сынып оқушысы – Инятулла Расул үшінші орын, 6-сынып оқушылары – Кендебеков Жұмабек пен Жанділдаев Дамир «Алғыс хат» иегерлері болды. Аудан мектептері арасында роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау, басқа да, инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Robotek Grand Tourrament» республикалық турнирінің аудандық кезеңінде 6-сынып оқушылары – Кендебеков Жұмабек екінші орын, Рахманберді Ержан үшінші орын, Жанділдаев Дамир «Алғыс хат» иеленді. Аудандық мектеп оқушылары арасында өткізілген «Ұлттық мектеп лигасы» спорттық сайысында мектебімізден қатысқан командалар шахматтан екінші орын, үстел теннисінен үшінші орын иеленді. Аудандық Жасұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілген «Жайдарлы – жасұлан» көңілді тапқырлар сайысында мектебіміздің оқушылар арасынан құрылған командасы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Бастауыш сынып оқушыларына арналған Халықаралық «Кенгуру – математика барлығы үшін» интеллектуалдық конкурсында үш оқушымыз бірінші орынмен, бес оқушымыз екінші орынмен, тоғыз оқушымыз үшінші орынмен марапатталды. Математика пәнінен 5-10 сыныптар аралығында өткізілген республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында тоғыз оқушымыз бірінші орын, 11 оқушымыз екінші орын, бес оқушымз үшінші орын жүлдегерлері болды. Мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілеріне арналған Халықаралық «Тілашар» пони байқауының қорытындысы бойынша жеті бала бірінші орын, төрт бала екінші орын иегерлері атанды. Республикалық «Алау» әскери спорттық ойындарының аудандық кезеңінде Нұрқожаұлы Бақтияр бірінші орын, аудандық «Айбын-2023» қыз балалар арасындағы сайыста Талғатқызы Гүлбану үшінші орын жеңіп алды.
Сондай-ақ, аудандық «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» әскери қолданбалы спорт түрлерінен өткізілген сайыста Түлкібай Бақтияр «Алғыс хат» иеленді. Сонымен бірге, 5-сынып оқушысы Ертөстікова Сезім аймақтық «Музыка әлемі» ән байқауында бірінші орын иеленіп, аудандық сайысқа жолдама алды. Бұл мектеп мұғалімдерінің еселі еңбегінің, табанды ізденістерінің нәтижесі екендігі анық. Сондықтан, алдағы оқу жылында да, бұл жетістіктер еселене береді.
Тұңғыш рет ұйымдастырылған «Ауыл олимпиадасына» мектебімізден 12 оқушы қатысып, облыстық кезеңінен информатика пәнінен 11-сынып оқушысы – Алпысбайұлы Ерасыл және 9-сынып оқушысы – Әсетұлы Нұрбол екінші орын, қазақ тілі пәнінен 11- Махамбетияр Еркеназ, математика пәнінен Аманжолова Назым Алғыс хатпен марапатталды.
Пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінен ағылшын пәнінен 8-сынып оқушысы Балықбай Аяжан екінші орын, география пәнінен 6-сынып оқушысы Әлібай Ақниет үшінші орынмен, биология пәнінен 7-сынып оқушысы Жақсыкелді Кәусар үшінші орынмен, физика пәнінен 7-сынып оқушысы Шаттық Інжу үшінші орынмен, қазақ тілі пәнінен 5-сынып оқушысы Серікқызы Бибінұр үшінші орынмен, математика пәнінен 5-сынып оқушысы Сапаева Нұрсәуле үшінші орынмен марапатталды. Лингвистикалық олимпиадаға қазақ тілі пәнінен 11-сынып оқушысы – Махамбетияр Еркеназ үшінші орынмен, орыс тілі пәнінен 11-сынып оқушысы Аманжол Қасым үшінші орынмен марапатталды. «Бастау» олимпиадасынан 4-сынып оқушысы Дәулетқызы Әдемі үшінші орынмен марапатталды. Сәкен оқуларынан 10-сынып оқушысы Өтеген Әсел бірінші орынмен, 8-сынып оқушысы Құрышбекқызы Диана үшінші орынмен марапатталды. «Алтын сақа» олимпиадасынан 3-сынып оқушысы Бағдәулетова Назым екінші орынмен, Ермекбай Айзере үшінші орынмен, 5-сынып оқушысы Жетесұлы Бексұлтан Алғыс хатпен марапатталды. «Жаңа Қазақстан – ядросыз қарусыз мемлекет» сурет байқауынан 5-сынып оқушысы – Жеңісбекқызы Айбалғын бірінші орынмен марапатталды. «Жарқын болашақ» олимпиадасынан 10-сынып оқушысы – Жаңабекқызы Гүлімшат екінші орынмен, Поезбаева Жанерке екінші орынмен, 8-сынып оқушысы Ағымова Эльназ екінші орынмен марапатталды. Спорттық сайыс гір көтеруден 11-сынып оқушысы Шоқанов Нұрдәулет бірінші орынмен марапатталды. «Отбасы құндылықтары» видеоролигі сайысынан 8-сынып оқушысы Құрышбекқызы Диана екінші орынмен марапатталды.