Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалыда ауданның білім беру саласында жемісті еңбек еткен ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ұлағатты ұстаздарды Халықаралық қарттар және ұстаздар күні мерекесімен құттықтап, білім саласының дамуына қосқан айрықша үлестері үшін алғысын білдірді.

«Ұстаз – ұлы ұғым, ұлағатты есім. Халқымызда «Ұрпақ болашағы – ұстаздардың қолында» деген тағылымы мол сөз бар. Яғни, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін мұғалімдер – мектептің жаны, руханияттың шамшырағы, білім мен ғылымның жанашыры. Туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында еңбектеріңіз зор. Сіздерді қазан айындағы қос мерекемен шын жүректен құттықтаймын және дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін», – деді Мұхтар Әуесұлы.
 

310560457_3472445606309695_6501779860852172598_n.jpg

Сондай-ақ, аудандық білім саласы ардагерлер ұйымының төрағасы Серік Қуанышбаев та құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін жеткізді.

Кәсіби мереке аясында ұйымдастырылған іс-шарада ардагер ұстаздар сөз алып, құрмет көрсеткен аудан әкімі мен білім саласының басшылығына ризашылықтарын білдірді.

Ардагер ұстаздардың мерейін үстем еткен көңілді кеште өнерпаздар ән-күйден шашу шашып, арнайы сыйлықтар ұсынылды.

310536475_3472445709643018_7622908292069365253_n.jpg

Тағы да оқыңыз: