Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №165 орта мектеп ұжымы «Жасыл мектеп» жобасын 2022 жылдан бастап қолға ала бастады. Жобаның мақсаты – жобаға қатысушыларды  экологиялық сауаттылығын арттыру арқылы  қоршаған ортаны сүюге, құрметтеуге, табиғи ресурстарды үнемдеуді үйрете отырып, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу. 

Жобаға қатысушыларды жаһандық экологиялық проблемаларды зерттей білуге және осы сала бойынша мемлекеттік саясаттың жергілікті жерде іске асу деңгейін сараптап, өз тараптарынан шешім қабылдау, шешімді іске асыру дағдыларын қалыптастыру. Мүдделі топтармен нәтижелі жұмыстар атқара отырып, мектепті «Экомектеп» деңгейіне көтеру.

Алғашқы жұмыстар мектеп ішінде икемделген зертханалық бөлме ашудан басталды. Оқушылар зертхана бөлмесінде түрлі бөлме гүлдерін, жеміс дәндерін егіп, баптауға зерттеу жүргізді. Сонымен қатар, жоба жоспарына сәйкес, тұрмыстық қалдықтардан бұйымдар жасау, суды үнемдеу, энергияны үнемдеуге арналған жобалар жасаумен айналысады.

2023 жылы демеушілердің қолдауымен шағын жылыжай алынды. Жылыжайда оқушылар көкөністер мен дала гүлдеріне көшеттер дайындаумен машықтанады.

Тағы да оқыңыз: