Kyzylorda-news.kz. Өздеріңізге белгілі, биыл «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Қазалы ауданында 2 мектептің құрылысы басталады. Оның бірі Жанқожа батыр ауылындағы 300 орындық апаттық жағдайдағы №94 мектеп құрылыс болса, екіншісі Әйтеке би кенті мен қала арасындағы 600 орындық мектеп.
Жуырда Ұлттық жобаға енгізілген мектептер құрылысының жер учаскелерін нақтылау және орналастыру мәселесі бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасының ұлттық жоба және Өңірлік даму жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі Саттаров Амангелді Серікұлы, Ұлттық жоба және Өңірлік даму департаменті Құрылыс бөлімінің өңірлік жоба жетекшісі Қонақбаев Ерік Болатұлы мен Ұлттық жобаны іске асыру және Өңірлік даму департаменті Жобалау бөлімінің топ жетекшісі Хами Әнуарбек Орынбасарұлы Қазалы ауданында іс-сапарда болды.
Олар білім ордалары бой көтеретін жер учаскелеріне барып, құрылыс жоспарымен танысты.
Ел ертеңі – бүгінгі шәкірт. Олардың жайлы жерде, сапалы білім алуы қашанда маңызды. Осыны ескерген басшылық тарап «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын қолға алды. Алда шәкірттер жанға жайлы білім ордасының табалдырығын аттайтын күн алыс емес.