Kyzylorda-news.kz. Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің базасында «Кәсіптік білім берудегі интеграциялық үрдістердің күшею жағдайын жаңғырту» атты облыстық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – Дуальды оқыту жүйесімен қатар, колледжді қамқорлыққа алған кәсіпорындар, индустриальдық және қамқоршылық кеңестің жұмыстары, түлектердің жұмысқа орналасуы мен халықаралық серіктестіктердегі кәсіптік білім берудің интеграциялық үрдістерін күшею жағдайын жаңғырту.

Семинарды Қызылорда облысының білім басқармасының басшысының орынбасары Әзизбек Ізімбетов ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Мұнан кейін Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің директоры Б.Ахметов семинарға қатысушыларға «Жас маман» жобасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып, семинарға қатысушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен, колледждің әлеуметтік серіктестіктерінің базасымен танысты.

Семинардың пленарлық отырысын Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов ашып, аудандағы техникалық және кәсіптік білім беру бағытындағы атқарылған жұмыстармен және семинарды ұйымдастырып жатқан Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің директоры Б.Ахметов «Кәсіптік бағдар беру бағытындағы жұмыстарды жандандыру жолдары», ШЧ-40 директоры А.Рахметов «Дуальді оқыту-білім мен білік дағдысының кепілі» тақырыбында баяндама жасады.

Пленарлық отырысты қорытындылаған Қызылорда облысының біліәм басқармасының басшысының орынбасары Әзизбек Ізімбетов аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру саласында іске асырылып жатқан жобаларға тоқталып, семинарды қорытындылады.

Семинар аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақ жастары технарь болуы керек» деген ұранымен «Сен болмасаң кім? /Идеялар матрицасы/» облыстық жастар форумы өткізілді. Форумды директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Анар Ахметова жүргізді. 

Жастар форумына «Қазалы» аудандық газетінің редакторы, Қазалы аудандық мәслихатының депутаты Есет Табынбаев қатысты.

Шара соңында қонақтар Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің түлегі, Қазақстан Республикасының Сенат депутаты Генннадий Шиповскихтің тікелей желідегі құттықтауын тыңдады.

Семинарға Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің директоры А.Мусаев, директордың оқу, оқу-өндірістік, тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары Ш.Баекеева, Қ.Арзақынов, Г.Жаңылова, жастар комитетінің төрағасы Н.Ахметжан қатысты.

Тағы да оқыңыз: