Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданынының білім бөлімін әр жылдарда қаншама басшы басқарды. Алғашқылардың бірі болып, Серғали Толыбеков, Ермекбай Кудасов, Әбдінәби Ұлманов, Берді Бәймішев, Әбжәли Айбосынов, Досмайыл Бекішев, Мұнарбай Қожахметов, Шарафадин Алтынбаев, Сейілхан Бердібекұлы, Марат Аралбаев Жайылханұлы, Болат Әбенұлы Жолтаев, Күлзипа Пержанқызы Нақан, Ерболат Бекаралұлы Қалнияз, Ақзира Бақтыбайқызы Қасымова, Бектұр Асанханұлы Қали өз қызметтерін мінсіз орындады.

2020 жылдың 25 қарашасынан бастап, осы кезге дейін Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы қызметін Әділхан Оңдасынұлы Жөлекешов атқарып келеді. Аталған білім бөлімі басшысының тұсында бірқатар жұмыс қолға алынды.

2023-2024 оқу жылының І оқу тоқсанын аудан мектептерінде – 16859 оқушымен бастап, оқу жылын – 16833 оқушымен аяқтады. 4 тоқсан барысында аудан мектептеріне 48 оқушы келіп, 67 оқушы мектептер есебінен шығарылды. Олардың – 1620-ы 1 сынып, 1515- 9 сынып, 899-ы 11 сынып оқушылары.

Төртінші оқу тоқсаны қортындысы бойынша, оқушылардың білім сапасына келетін болсақ, оқу тоқсанын – 3834 оқушы үздіктер /23 пайыз/, 6298 оқушы екпінділер /38 пайыз/, жалпы, барлығы – 10132 оқушы 68 пайыз білім сапасын құрап отыр. ( Былтырғы оқу жылының 4 оқу тоқсанымен салыстырғанда 4 пайызға артып отыр).

Жалпы, оқу жылының қорытындысы бойынша, оқушылардың білім сапасы, оқу жылын – 4093 оқушы үздіктер /24 пайыз/, 6404 оқушы екпінділер /38 пайыз/, жалпы барлығы – 10497 оқушы 70 пайыз білім сапасын құрап отыр. ( Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 3 пайызға артып отыр.)

1 сыныпқа қабылдану керек - 1572 оқушын қазіргі таңда – 1353 (86%) баланың құжаты қабылданды 1 сыныпқа қабылдауды 100 пайыз аяқтау жоспарлануда.

Биыл 892 оқушы мектеп бітіреді, соның – 793-і ҰБТ-ға (89 пайыз) қатысады. Қазіргі таңда, бірінші кезеңнен – 555, екінші кезеңнен – 28 түлек ҰБТ тапсырды. Бүгінде ең жоғары балл – 134 (№234- Мақсұт Қарақат).  ҰБТ кезінде әр мектептен кезекші психолог мамандардан кезекші ұйымдастырылды.

Бұл күні 66 «Алтын белгі», 81 «Үздік аттестат», 9 сынып бойынша «Үздік аттестат» 217 оқушы бар.

Тағы да оқыңыз: