Kyzylorda-news.kz Қазалы аудандық ағарту бөлімінің келісімімен сексен сегіз жыл бұрын Қазалы ауданындағы қазіргі Лақалы ауылында бастауыш мектеп ашылған болатын. Негізінен, балық шаруашылығымен айналысқан ауыл тұрғындарының балалары отырықшыланып, мектепке балалар келе бастады. 1954 жылы құрылысы жаңадан салынып, іске қосылған мектеп жеті жылдық мектепке айналды. 1962-1963 оқу жылында мектеп сегіз жылдық білім беруге кірісті.1999-2000 жылы тоғыз жылдық негізгі мектеп болды. Ең алғаш 2007-2008 оқу жылында он бір жылдық орта мектеп мәртебесін алып, сегіз оқушы бітіріп шықты.
Қазіргі таңда №93 орта мектеп оқушылары 2017 жылы берілген 100 орындық жаңа, заманауи ғимаратта білім алуда. Мектепте 60 орындық АКТ зал, 44 орындық асхана, спорт зал және жекелей пән бөлмелері орналасқан. Мектеп жанынан құрылған 20 орындық «Айжұлдыз» шағын орталығы жұмыс жасауда. Мектепте «Ата қоныс, асыл мекен» атты мұражай бар, сонымен бірге, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында «Домбыра», «Тоғызқұмалақ», «Шебер қолдар» сынды көптеген үйірмелер жұмыс жасайды. Мектебімізде жалпы саны – 68, 30 мұғалім, 38 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды. Мұғалімдердің біліктілігімен, оқушылардың білім сапасы алдыңғы қатарлы деңгейде. 2023-2024 оқу жылында олимпиададан 7 оқушы аудандық деңгейде, екі оқушымыз облыстық деңгейде жүлдегерлер атанды.
Сексен жеті жылдық тарихы бар мектебімізден түлеп ұшқан түлектеріміз еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп, Отанымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Солардың қатарында егеменді еліміздің ұлттық валютасы – теңге авторларының бірі – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Дүзелханов Ағымсалы тәуелсіз еліміздің мақтанышына айналды. Өнерпаздар термеші Болатбек Ердаулетов, Шымберген Тілеулесов, Қазалы қаласы мәдениет үйі директоры Әзілхан Мақсатбаев тағы басқа ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор академик Әбілов Дөңес, ауданымыздың белді азаматтары облыстық мәслихат депутаты Тілеп Ібайдулла, кәсіпкер Қожағұлов Әлимуса, локоматив депосының басшысы, аудандық мәслихат депутаты Әлмағанбетов Нұрлан, ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері Қыпшақбаев Қуанышбек, №104 мектеп директоры болған Орақбаев Аманбай, мәдениет үйі директоры болған Кенже әлі Асқар, аудандық хирург дәрігер Айбасов Серік, ауылдық клуб меңгерушісі М.Мақсатбаев тағы басқаларының нәтижесінде №93 мектебі біліммен қатар өнер саласында жоғары жетістіктерге жеткен.
Атап айтар болсақ, Тәуекелова Кәмила – Жамбыл Жабаев атындағы филормонияның солисті. Тілеулесов Алмас - 2002 жылы Мәскеуде өткен «Утренняя звезда» бағдарламасында ән салып, жүлдегер атанды. Қазіргі таңда Алмас жеке студия ашып, қазақ эстрадасына өз үлесін қосуда. Сансызбаев Ержан халықаралық «Бозторғай» ән байқауының екінші орын иегері қазіргі таңда Қазақ Ұлттық өнер университетінің колледжінің мұғалімі және «Илигай» балалар хор тобының көркемдік жетекшісі. Нағашыбай Гүлназ халықаралық Болгарияның Тутракан қаласында өткен байқаудың жеңімпазы қазіргі таңда Астана қаласы Өнер академиясының түлегі. Жеткербай Мадияр республикалық «Ақ көгершін» екінші орын, халықаралық «Ғұмырдария» ән байқауының бірінші орын «Алтын алма» иегері, республикалық Роза Бағланованы еске алуға арналған «Ақ маңдайлым» атты ән сайысының екінші орын иегері.
Төлебай Жарасхан – облыстық «Бозторғай» ән байқауының бірінші орын жеңімпазы, жыршы, термеші бүгінгі таңда белгілі өнер жұлдыздарына ән шығарып, сазгерлік қырымен танылуда. Елімізге кеңінен танымал «Мен қазақпын», «Жақсы адамдарым», «Алғыс», «Мен қазақтың ұлымын», «Мейрімді алла» сынды көптеген әндердің авторы. Нағашыбай Ақылбай 2014 жылы республикалық «Айгөлек» телевизиялық байқауына қатысып, екінші орын иемденді. Тілек Нұрхожа – облыстық «Бозторғай» байқауының көркем сөз оқу сайысының бірінші орын иегері.
Құмның ортасында ораналасқан ауыл болса да, мектепке қарасты аймақтар түгелдей көгалдандырылған. Жаңа мектеп ғимаратының айналасында 400, ескі мектеп ғимаратының шарбағында 450, мектепке қарасты «Зетеулла бағында» 1200 қара тал өсіп тұр. Мектеп ғимаратымен ауыл тұрғындарының ауылды көркейтуіне қазіргі таңдағы мектеп басшысы мұрындық болып бастама жасаған.
Бүгінгідей қарқынды даму үстіндегі еліміздің көшінен қалмай, тамшыдай үлес қосуды өздеріне міндет санайтын №93 мектеп ұстаздары алдағы уақытта да жоғары биіктерден көрінеріне кәміл сенеміз.