Kyzylorda-news.kz  Балабақша – мектеп жасына дейін балаларды тәрбиелейтін мекеме. Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан артық айтқандық емес. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше, мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине, бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.

Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы  1 «Ақерке» балабақшасы 23 желтоқсан 2009 жылы пайдалануға берілген. Балабақша 90 орындық, 2 қабатты, жаңа типті жобада салынған. Қазіргі таңда, балабақшада 5 топта 90 бала. Бұл 1 жас пен 5 жастағы балалар санын қамтиды. Оның ішінде, ерте жас – 1 жас 1 топ, кіші жас – 2 -3 жас аралығы 1 топ, ортаңғы топ – 3 – 4 жас аралығы 2 топ, 4 – 5 жас аралығы 1 топ жұмыс жасайды. Сонымен қатар топтарда 2 тәрбиеші кезекпен жұмыс жасайды. Балабақша бойынша қазіргі таңда 15 педагог бар. Оның 11 – і тәрбиеші болса, 1 – әдіскер, 1 Психолог, 1 – логопед, 1 – Ән жетекшісі, 1 – дене тәрбие жетекшісі жұмыс жасауда. 

Балабақша қазіргі заман талабына сай салынған. Әр топта балалардың жатын, ойын, киім шешетін, жуанатан, әжетхана, спорттық зал, үйірме бөлмелері жаңа талаппен салынған. Балалардың ойын бөлмелерінің жылулары еден асты арқылы беріледі. Еден арқылы берілген жылу балаларға тиімді әрі емін-еркін ойнауларына өте қолайлы. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» жүйесін жүзеге асырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасайды. 

Атқарылып жатқан жұмыстар балабақшаның жылдық жоспарына сәйкес өткізіледі. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сауықтыру іс-шаралары, балалардың дене шынықтыруға дайындығы мен физикалық дамуы, мәдени-тазалық дағдылығына тәрбиелеу, ұлттық құндылығымызды балалардың бойына сіңіру. Түрлі іс-шаралар, сайыстар, мерекелік кештерге арналған ертеңгіліктер, ата-аналармен бірігіп ұйымдастырылған спорттық жарыстар өткізілді. 

17 маусым 2022 жылы 1 «Ақерке» бөбекжай балабақшасының мамандарының іс – тәжірибиесі бойынша «Ерте жастан бастап, балалардың командада жұмыс істей білу дағдыларын дамыту» тақырыбында облыстық әдістемелік вебинары өткізілді. Вебинарға аудандар мен Қызылорда қаласының сексенге жуық маман қатысты. Вебинардың бағдарламасына сәйкес «Алақай, жайдарлы жаз келді», «Джунглидегі қызықты ойындар», «Томпақпен бірге квестпен ойындары», «Не қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойын, «Мультистудия» үйірмесі,» «Зерде» зияткерлік-танымдық сайыс, балабақша логопеді «Орманға саяхат», психолог ата-аналармен «Бала біздің болашағымыз» атты тренинг жүргізді. 

Шара барысында көрсетілген жұмыстардың барлығы ойын түрінде ұйымдастырылды. Шараға қатысқан мектепке дейінгі ұйым мамандарының жылы лебіздері мен ұсыныс-пікірлері тыңдалып шараны Гүлнар Батырбекқызы қорытындылап, жұмыс көрсеткен мамандарға оқу орталығының сертификатын табыстады. 

Оқу жылының басында ата – аналар жиналысында мектепке дейінгі ұйымның стандандарт нұсқаулық, бағдарлама бойынша көптеген өзгерістер айтылған болатын. Ондағы өзгеріс сіздерге түсінікті болуы үшін атап өтетін болсам қазіргі балалабқшаларда ұлттық құндылықты, қазақы салт дәстүрімізді дәріптеп, қазақы бұрыштар жасалынды және кітап бұрышы қойылып, көптеген ертегі кітаптармен жыр дастандар балаларға күнделікті оқылып берілуде. Қазіргі таңда, балалар күнделікті ойын арқылы дағдыларын қалыптастыруда. Осы бірінші жарты жылдықты атап өтетін болсақ, «Балдәурен» тобының тәрбиеленушілері Ертай Аяна, Сұлтанғалиев Сырым және Бейсенбаева Айғаным 25 қазан Республика күніне орай Республикалық сурет байқауынан бірінші орын дипломымен марапатталды. Сонымен қатар, осы балапандарға жетекшілік еткен «Балдәурен» тобының тәрбиешісі Шманова Айгерім «Үздік педагог» дипломы марапатын алды. «Балапан» тобының тәрбиеленушісі Жамиғат Қайсар сурет байқауы бойынша республикалық байқаудан екінші дәрежелі дипломмен марапатталып, жетекшісі Жусупова Гулжазира «Алғыс хатпен» марапатталды. Жақсылық Ибрахим мен Бақтиярқызы Фатима «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың!» атты республикалық патриоттық байқауында Ибрахим бірінші дәрежелі дипломмен, Фатима екінші дәрежелі дипломмен марапатталып, жетекшілік еткен Ильясова Гүльзат «Құрмет граматомасымен» марапатталды. Базарбай Қайыржан «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың!» атты республикалық патриоттық байқауында бірінші дәрежелі құрмет грамотасымен марапатталды. Жетекшісі Төлегенова Айсауле «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Республикалық «Жас дарын» дарынды балалар орталығы сурет байқауынан бірінші орын дипломымен марапатталды. 

Бұл үлкен жетістік деп ойлаймын. Педагогтарға келетін болсақ балабақшаның психологы Тлеумбетова Фарида «Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы» және «Психологиялық әдіс-тәсілдер аукционы» тақырыбында өз іс-тәжірибиесімен бөлісіп, Қазалы ауданының алғыс хатына ие болды. Және де тәрбиеші Жусупова Гүлжазира апайымыз тәрбиешілер арасында «Бақытты балабақша» байқауында бірінші дәрежелі диплом және «Балапан бояулар әлемі» атты байқаудан бірінші дәрежелі диплом сонымен қатар, «Шебер тәрбиеші» халықаралық байқауына қатысып бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Және де 5-6 жастағы балаларда көркем жазу дағдылырын қалыптастыру және жетілдіру жолдары тақырыбында әдістемелік нұсқаулық кітапшасы шықты. «Қазақ білім» журналына «Мектепке дейінгі ұйымда қазақ тілін үйретудің маңыздылығы» атты мақаласы жарық көрді. Ахметова Анар халықаралық «шебер тәрбиеші» байқауына қатысып бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ақбердиева Жазира «Менің мамандық тәжірибием» атты эссе номинациясы бойынша республикалық екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сағидолла Мөлдір Омарбекқызы Қазақстан Республикасы оқу ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткізілген «Барлығына рақмет» республикалық челленджге қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды. Балдәурен тобының тәрбиеленушісі Жамиғат Әсел және жетекшісі Санкебаева Нұргүл Шорақызы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қолдау білдірген «iBars-kids» білім платформасы Қазақстан Республикасы «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жоспарына сәйкес жас таланттар арасында «Наурыз думан» атты республикалық байқауға қатысып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Балабақша ұжымы жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге тәжірибені кеңінен пайдалануға, Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы даму стратегиясына бас аназар аударып келеді. Балабақшада мерекелік шаралар өз деңгейінде өткізіліп келеді. Сонымен қатар әдістемелік тұрғыдан оқыту оқыту әдістерін меңгеруге ерекше көңіл бөлуде. 

Тағы да оқыңыз: